Басты бет > Хабар > ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ АДАЛДЫҚ ПРИНЦИПІН АЛҒА ТАРТТЫ

ТҮРКІСТАН: АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ ӨКІЛДЕРІ АДАЛДЫҚ ПРИНЦИПІН АЛҒА ТАРТТЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының мүшелері Түркістан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлерімен жүзбе-жүз кездесіп, түсіндіру шараларын жүргізді.

Іс шараның негізгі мақсаты — азаматтық қоғам қалыптастыруға белсенді жұртшылықты жұмылдыру және әділдік, парасаттылық құндылықтарын кең көлемде насихаттау.

Тең отырып тілдескен жиында Штаб мүшелері Айдос Абпазов пен Ерұлан Тұңғышбаев сыбайластықтың салдары турасында сөз қозғап, жемқорлықтың алдын алу — мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін атап өтті.

Өз кезегінде А.Абпазов штабтың қоғам алдындағы маңыздылығын қаузап, басқарма қызметкерлерін бағзыдан қазақ болмысында қалыптасқан құнды қасиеттерді жаңғыртуға шақырды.

Сондай-ақ, Е.Тұңғышбаев адалдық қағидатын алға тартып, қоғам қауіпсіздігі жолында халыққа қалтқысыз қызмет көрсету қажеттігін жеткізді.

Ағартушылық жұмыстары кең көлемде жүргізілген жиын соңында басқарма қызметкерлері толғандырған сауалдарын жолдап, Штаб мүшелерінен нақты жауап алды.

Медиаон ақпарат