Басты бет > Білім > Түркістан: Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер: субсидиялар және жеңілдікті несие түрлері қандай

Түркістан: Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер: субсидиялар және жеңілдікті несие түрлері қандай

Біздің еліміздің экономикасында аса маңызды орын алатын салалардың бірі — ауыл шаруашылығы саласы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында дамыған агроөнеркәсіп кешенін құру мәселесін көтерген болатын. Онда ауыл шаруашылығы саласының еліміздің негізгі ресурсы бола тұра, барлық мүмкіндіктері мен әлеуеті толық пайдаланылмай тұрғанына назар аударылды. Сонымен қатар, ол ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді игеруді қолға алу, фермерлерге өз өнімдерін сыртқа шығарып өткізу үшін барынша қолдау көрсету, салаға шетелдерден инвесторлар тарту мәселелерін шешуді атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ, қазіргі таңда Қазақстанда 2021 жылға дейінгі Агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Дәл қазір ауыл шаруашылығы саласын дамытуда қандай жобалар қолға алынуда? Алтын дән егіп, тер төгіп жүрген диқандар мен мал өсіріп, ел өңірлерін ет, сүт, маймен қамтамасыз етіп отырған фермерлер үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған? Олар қандай субсидияларды пайдалана алады? 2019 жылы агроөнеркәсіптік кешеннің дамуында қандай ілгерілеу байқалды?

Медиаон ақпарат