Басты бет > Саясат > «ТҮРКІСТАН-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖАҢА ФОРМАТҚА КӨШУДЕ

«ТҮРКІСТАН-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» АЯСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ЖАҢА ФОРМАТҚА КӨШУДЕ

Үстіміздегі жылдың 6 наурыз күні Жоба кураторы – Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мәлік Нұржанұлы Отарбаев пен кеңсе жетекшісінің орынбасары А.Талғатұлы 3 айда атқарылған және алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарды талқылады.

Бүгінгі күні жобалық кеңсемен ашықтық пен үнемділікті қамтамасыз етуде білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кең қызмет бөлмелері кез – келген азаматтарға қол жетімді болу үшін 1 қабаттағы шағын бөлмелерге көшірілу жұмыстары басталды және хатшы қызметі алынып тасталуда.

Ендігі кезекте аталған ұйымдарда кез – келген азамат тікелей бірінші басшыға еш тосқауылсыз жолыға алады.

Бұған қоса, әлеуметтік маңызы бар салалардың басшылары әр аптаның жұма күні қоғамдық қабылдау өткізеді.

Бұл формат – мемлекеттік мекемелерге жан жақты қоғамдық бақылауды орнатуға бағытталып отыр.

Ал, алдағы уақытта Жобалық кеңсемен «Қалалық қызметтер орталығын» ашу тиімділігі көзделіп отыр.

Бұл орталықта жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, коммуналды қызметтер 1 терезеден көрсетілетін болады.

Талқылау жиыны соңында Мәлік Нұржанұлы жобалық кеңсенің алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстарына әкімдік тарапынан толық қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Медиаон ақпарат