Басты бет > Жастар > ТҮРКІСТАН:Облыстық Жайдарман ойындарының ¼ ширек финалының қатысушылары анықталды

ТҮРКІСТАН:Облыстық Жайдарман ойындарының ¼ ширек финалының қатысушылары анықталды

Жайдарманшылар Түркістанда қайта жиналды. Бұл жолы жартылай финалға жолдама үшін сынға түсу үшін . Сайысқа 12 команда қатысып, оның ішінен 8 топ ½ ширек финалына өтті.
Астарлы ой тастап, оны әзілмен ұштастыру – жайдарманшының басты қасиеті. Облыстық чемпионатта өнер көрсететін жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарынан келген командалар – өз өңірінің намысын қорғап ғана қоймай, телевизиялық жобаларға қатысуға мүмкіндігін алатыныны бар. Ал, бүгінгі ширек финалға қатысқан топтардың ерекшелігі – әр құраманың өзіндік стилі мен әзілдеу тәсілінің бар болуы. Тапқырлық танытып, сахна мен көрерменді әзіл арқылы байланыстыру жеңіл көрінгенімен, үлкен дайындық қажет етеді.
Маусымашар ойындарынан соң, қалжыңның ырғағын ұстаған жастар – ширек финалда жоғарғы деңгейдегі дайындықтарын көрсетуге тырысты. Себебі, қазылар алқасы да лайықты бағаларын арқалап, ұтымды ұпай қояға дайын отырады.
Облыс орталығында, барша жастардың басын қосқан Жайдарманның бүгінгі ойыны – жартылай финалға тек 8 топты жақындатады. Басты ойын, әдеттегідей Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» үлкен залында өтеді. Барша, командаларға сәттілік тілейміз!