Басты бет > Саясат > Түркістанды Түлетейік Немесе МЕГАдағы Ойпырмай…

Түркістанды Түлетейік Немесе МЕГАдағы Ойпырмай…

  • Түркістанда Опымай, Ойпырмай деп…  Жаға ұстамасқа амал қалмай барады… 

Аллаға шүкір құқықты, зайырлы, сөз  бостандығы бар, 142 ұлт өкілдерінен құралған мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Бірақ сөз, әңгіме  күйінше ме деп отырмын… 

Фейсбук әлеуметтік желісінде қысқа, нұсқа айтарым бар деп посттар жариянғалы, маған арызданған  кәсіпкер Азаматтың телефонына тыныштық жоқ дейді…

“Көмектесеміз ғой” дейтін көрінеді, жоғарғы билік! Ол жігіт өзіне шақ жұмысын бітірді. Бес қабатты зәулім, сауда ойын-сауық орталығы жұмысын бастап, қала тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтеруде. Түркістан облыс орталығы болды дегенде шашуға берілгендей, салынып қалаға көрік бергенін БАҚ та, ел де жарыса шулап жазғанда, оған әкімшілік дұрыс бағытта жұмыс жасап жатыр дегенде таңдай қақтық! Әрине Елбасымыздың саясатының өзі, елге қызметтен тұрмайтын ба еді?  Қуанышты басатын жергілікті жердің атқа мінер әкімдері-ау осы деген ой келеді!? Неге? 


  • Кәсіпкерге кімдер шүйлікті?

Байқасам  Азамат Маметжанов небәрі 26 жастағы  кәсіпкер. 7-сыныптан бастап, сауданы меңгерген Түркістандық жігіттің  өкпесі қара қазандай. 
-Әпке, мен енді бес жыл ұйқы көрмей жүріп салып бітірген мына орталығымды жауып тастауым керек пе, жоқ әлде сатуым керек пе -дейді. 
— Ойпырмай күш салған да, ақша салған да өзің ғой, неге енді, деп ойландым. Сосын Фейсбук әлеуметтік желісіне қысқа пост салып ел пікірін білгім келді… Көңілімнен  шықпаған пікірлерден  тіпті шошыдым…. 


 Бірақ Азаматтың өз маңдай тер, табан ақысының жемісі екенін көріп тұрғасын, Алла көмектеседі деп нық сеніммен отырмын.
Ашылғанына 52 күн болған МЕГАға,  транпорт мәселесі әле күнге дейін шешілмегенін естігенде жылағым келді… Амалсыз тағы да “ойпырмай” деп таң қалумен шектелдім…

Халықтың құлдары деп есептейтін әкім қаралар, тонын теріс киіп отырған сыңайлы.  Осы уақытта бітіремін, мәселелер осындай деп xатты да, өтінішті де жазудай жазғанмын дейді. Өкінішке орай тағы да, селт еткен пенде болмаған! Онысымен қоймай,  сәлемдемелер мен заңсыз салынған дейтін қағаз көрсеткіш “кәстөм шалбарлы” орган қызметкерлері де жағалай бастаған көрінеді… Ойпырмай!  Сонда ол салынып жатқан  итке үйшік емес, бір күн емес бақандай бес жыл, құрылысы жүрген обьект емес пе?  Бұл ненің нышаны? Президентіміздің кәсіпкерлерге қолдау, көмек дегені, туған жерді түлету деп айтып отырған сөздерін, нұсқауларын орындайтын әкім, ілер құлақ болмағаны ма?? Масқара! Өзім ұялдым!


Қиыстыра да алмай, қыстыра да алмай отырғанымыз, өз ауылымыздың “Азаматы” емес қой деген сөз ғой…. Өзгелерді өзектен теппейтін, бауырымызға басқан қазақтығымыз да жоғалып бара ма?
Бізде бір жақсы сөз бар: “өзің бола алсаң бол! Бола алмасаң болған ердің атын ертте ” деген!  Айналайындар-ау, атын ерттемесек те, жолын ашып сырттай сүйсінуді де көп көрмей  жолын бөгеуді қойсақ деймін ғой…

Тағы бір жақсы жобасы бар екен! 150 адамға жұмыс беретін! Бірақ, тағы да сол бірақ! Кредит алып жүрген банк “жолының жабылғанын” жай айтып өтіпті…  Мен  сол “ойпырмаймен” тоқтайын…
Әрісі  сосын  жазылар!

Малика Абдалиева 
“МедиаON” Республикалық ақпараттық,
құқықтық, сараптамалық агенттігінің директоры – бас редакторы