Басты бет > Мәдениет > ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АҚЖОЛТАЙ ТІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР АҚЖОЛТАЙ ТІЛЕДІ

Фото Әзірета Сұлтан Мемлекеттік Қорық-мұражайы.

2017 жылдың 18 тамызында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының мәжіліс залында қорық-мұражайда директор қызметін атқарған Әубәкір Жандос Мағазбекұлы жаңа қызметке ауысуына байланыс¬ты құрметпен шығарып салу жиыны болып өтті.
Әубәкір Жандос Мағазбекұлы Мəдениет жəне спорт министрлігінің бұйрығымен «Қазқайтажаңарту» РМҚК мекеме басшысы болып тағайындалды.

Фото Әзірета Сұлтан Мемлекеттік Қорық-мұражайы.
Салтанатты жиынға қала активі, қалалық ақсақалдар кеңесінің мүшелері және музей ұжымы қатысты. Еңбек ардагері, «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының зейнеткері С. Қожамұратов Жандос Мағазбекұлына жаңа қызметінде толғай табыстар тілеп, қорық-мұражайдың көркейуіне қосқан орасан зор үлесі үшін риясыз алғысын білдірсе, ұжым мүшелері лебіздерін білдіріп, алдағы қызметіне сәттіліктер тіледі.

Фото Әзірета Сұлтан Мемлекеттік Қорық-мұражайы.Сонымен қатар ОҚО тарихи-мәдени этнографиялық орталығының директоры Г.Дүйсенбаева өз сөзінде шығармашылық табыстар тілеп, екі музей арасындағы байланыстың жанданғандығын тілге тиек етті. Сөз алған Жандос Мағазбекұлы тарихы терең Түркістан халқының бауырмалдылығын көргендігін, баталы ел ағаларымен танысып, жүрегі кең аға-апайлармен, іні-қарындастармен сыйлас болғандығын, өзін қолдаған ұжымдастырына алғыс сезімін білдірді.
Жиын соңында Жандос Мағазбекұлы қала активімен ұжым мүшелерін ақ дастархан басына шақырып, дуалы ауыз қариялардан ақ батасын алды.

Әзірет Сұлтан мемлекеттік қорық-мұражайының көмегімен 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.