Басты бет > Саясат > Түркістанда “Қайталанбас тұлға – ұлы Абылай” лекциясы өтті

Түркістанда “Қайталанбас тұлға – ұлы Абылай” лекциясы өтті

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру”  және “Ұлы даланың жеті қыры” мақалалары аясында “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы С.Ерубаев және Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта мектептерінде “Қайталанбас тұлға- ұлы Абылай” лекциясы өтті.

Та­рихи тамырларымыз бен тұлғалар жайлы жас ұрпаққа мағлұмат беріп, музей қорында көздің қарашығындай сақталып келе жатқан төл мұраларды насихаттауға арналған дәрісті қорық-музейдің қызметкері Ардақ Бейсенова жүргізді.
-“Тарихымыз бен мұраларымызды ұрпақ санасына сіңіріп, әліпбидей жаттату өткенімізге құрмет, ал болашаққа аманатымыз болары анық. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының да сан қырлы бағдарламалық мақалаларының түп тамыры осы жайтты көксейді. Бабалар жүріп өткен сара жол, ұрпақ үшін дара жол боп қалуы тиіс. Өткеннің тарихын, ізін, сырын ұғынбай тарихқа тәу етіп, ұлыларға бас идік деуіміз орынсыз. “Әзірет Сұлтан” мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мақсат еткен шараның да мәні осы. Елбасы мақаласының мазмұнын ұлылар тарихын дәріптей отырып жеткізу”,-дейді Ардақ Бейсенова.
Тарихи дәріс барысында қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай хан жайлы мәліметтер айтылып, оқушылар пікірі де назарға алынды.
Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) – 1711-1781жылдары өмір сүрген. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Медиаон ақпарат