Басты бет > Хабар > ТҮРКІСТАНДА «ЯСАУИТАНУШЫЛАР» САЙЫСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАНДА «ЯСАУИТАНУШЫЛАР» САЙЫСЫНЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

14
views

Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралар тізіміне енген асыл жауһарлардың бірі. Ежелден өркениет ошағы болған киелі мекен ұлы тұлғаның арқасында әлемге танылды. «Диуани хикмет» шығармасы ғасырлар бойы ел арасында кеңінен таралды және қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы Ясауи мұрасының негізінде қалыптасты.   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Егер қазақтардың рухани тарихын жазатын болса, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері сөзсіз оның бір бөлігі болып кіруі тиіс» деп ерекше атап көрсетіп, рухани тұлғаның біздер үшін алатын орнын айшықтап берді.

       «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейі ұйымдастырған  білім және өнер сайысының  мақсаты —  Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен ілімін, «Әзірет Сұлтан» кесенесіне жерленген дара тұлғалардың елі үшін атқарған еңбектері мен Түркістан қаласының тарихын, Әмір Темір дәуірінен қалған құнды ортағасырлық жәдігерлерді және мұражай ісін насихаттау болып табылады.
Биыл  «Ясауитану» байқауы 20-шы рет ұйымдастырылуда. Әр жыл сайын білім сайысы көпшілікке кең танылып, оқушылар мен ұстаздардың асыға күтетін жарысына айналды.
Осы орайда, Түркістан қаласында Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебінде Халықаралық Ясауитану байқауына іріктеу кезеңі өтті. Байқауға 41 үміткер қатысып, бақ сынады. Екі кезеңнен де сүрінбей өткен  Қосқорған орта мектебінің 9 сынып оқушысы Н.Рахимова бірінші орынды иеленсе, екінші орынға  М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебінің 9 сынып оқушысы А.Мәуленқұл лайық деп танылды.  Ал, үшінші орынды Хамза орта мектебінің 8 сынып оқушысы Н.Дадажанов қанжығасына байлады.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *