Басты бет > Мәдениет > ТҮРКІСТАНДА «МУЗЕЙГЕ СЫЙ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «МУЗЕЙГЕ СЫЙ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

21
views

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінде 18 мамыр халықаралық музейлер күніне орай  «Музейге сый» акциясы өтті.
Аталған шара барысында«Әзірет Сұлтан» қорық-музейі қорында «Бәкіржанның ожауы» атауымен сақтаулы жәдігеріміздің  авторы — педагогика ғылымдарының кандидаты, ағаштан түйін түйген қолөнер шебері Бәкіржан Әшірәліұлы Айдарбеков тағы да ерекше жәдігерді ұсынды. Түркістан қаласына арнайы ат басын бұрған Бәкіржан Әшірәліұлы жасаған ожауына арнайылап витрина жасап әкеліп отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың: «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» тарихи мақаласында «Егемен еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағылым алу – Қазақстанда патриотизмді қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі…» –деп атап өткені белгілі.
Іс-шара барысында «Әзірет Сұлтан» қорық-музейі директорының орынбасары С.Үркімбаев «Осындай музей ісіне жанашырлықпен қарайтын көзі ашық, көкірегі ояу азаматарымызға алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Құрметті Бәкіржан Әшірәліұлы, ісіңізге толағай табыстар тілей отырып, біздің музейдің атынан, түркістандықтар атынан аз ғана сауғамызды қабыл алуыңызды сұраймын» — деп, ізгі ниетін білдірді.
Бәкіржан Айдарбеков өз кезегінде ожаудың жасалу тарихына тоқталып, көзінің қарашығындай сақтап отырған қорық-музей ұжымына шексіз алғысын білдірді.
Алдағы уақыттарда да акция өз жалғасын табатын болады.
Акцияның мақсаты — ата-бабадан қалған құнды мұраларды музейге әкеліп, жас ұрпаққа насихаттау.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *