Басты бет > Жастар > Түркістанда: “Заманауи қоғамдағы психологиялық ғылым және практика: мәселелер, тәжірибе, болашақ” тақырыбындағы психологтардың аймақтық ғылыми конференция өтті.

Түркістанда: “Заманауи қоғамдағы психологиялық ғылым және практика: мәселелер, тәжірибе, болашақ” тақырыбындағы психологтардың аймақтық ғылыми конференция өтті.

Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының “Жастар ресурстық орталығының”  ұйымдастыруымен “Заманауи қоғамдағы психологиялық ғылым және практика: мәселелер, тәжірибе, болашақ”  тақырыбындағы психологтардың аймақтық ғылыми конференциясы өтті.

Шараның мақсаты  қазіргі таңдағы психологиялық ғылымның өзекті мәселелерін ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, отбасылық это-мәдени құндылықтарымызды дәріптеу арқылы олардың шешімін іздеу; ғылыми және қолданбалы нәтижелермен, зерттеу тәжірибелерімен алмасу.

Конференцияға “Отбасы хрестоматиясы” қоғамдық қорының сарапшысы, психолог, “Онтология. Бала тәрбиесіндегі экзситенция анализінің рөлі”  жобасының авторы Мырзабаев Сейлбек мырза мен Түркістан облысының Адами әлеуетті дамыту басқармасының “Әдістемелік орталығының”   психолог әдіскері Асилбекова Ақмарал ханым арнайы қонақ ретінде шақырылып, семинар-тренинг өткізді.