Басты бет > Саясат > Түркістанда жік шықты!

Түркістанда жік шықты!

355
views

«Ағалық Болашақ». Жалпы мен дəл осы сөзді Фейсбук əлеуметтік желісіне парақшама жаздым, оқырманым мен достардың ортақ ойымен санасқым келді…


Бірден, ағалығы несі, болашағы несі деген сұрақ аралас пікірлер туындады . Енді бірі мынау əлігі масқарапаз Бизон-Бизон ба деген сұрақ қойылды . Тағы бір пікір осы» оттағыштың аузы қашан жабылады деді…
Иа, сан алуан пікірдің мен тек екі үшеуін жазып отырмын.
«ХАЛҚЫМЫЗ КӨГЕРСІН ДЕП ҰДАЙЫ ҒАНА
ҚАМ ЖЕГЕН ЖАҒАДЫ ЕКЕН ҚҰДАЙҒА ДА»,- депті атақты шығыстың жеті жұлдызының бірі Сағди Ширази.
Шіркін-ай, бізге дейін бəрі-бəрін айтып, жазып қалдырған екен ғой.Бізге тек орындау керек, толық жүзеге асыра алмасақ та, ұмтылу парыз ниет ынта керек . Болашағын қайдам, ағалық ақыл деп — канал ашып, қоғамдағы басты міндеті-жастарға көрген білгенін айтып, ақыл кеңес беріп отырса, пайымды пікір айтса қане еді….

«Подписчик» жинап алғам , мені бəрі көреді деген «ауру» əдетті мен түсіне алмадым…

Мүмкін оны түсініп қарауды менің санам қажет етпеді шамасы. Түсінуге болатын шығар, егер мен көрген дəл сол Ютуб каналының берері болса ?
«Көрмегенге көсеу таң» , — болып таңдамай талғамай осы каналда берілген не басы , не аяғы жоқ видео материалға сонша көңіл бөліп, жазылған халықтың , ылдидан келіп өріңді, есіктен келгенге төріңді беріп, жарылқаушыдай қарап жатқан, Түркістандық жерлестерге ренжіп те отырмын.

Түркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір!

Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен «Ұлы жібек жолының» ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.
Ал жақын арада Оңтүстіктің орталығы болады деген үкілі үмітіміз де жоқ емес.
Түркілердің төл мекені – Түркістан!
Еліміздің рухани астанасы — ежелден мұсылман атаулы тәу етіп барып, зиярат қылатын құтты, қасиетті мекені.
Осы ежелгі қалада қазақтың хандары мемлекеттік істерді жүргізген. Қожа-Ахмет Яссауи мұражайында Абылай, Есім хан, Әбілқайыр хандар мен халқымыздың басқа да ардақты ұлдары жерленген Киелі жер.
Екінші Мекке атанған қасиетті Түркістанға зиярат етушілердің саны күн санап көбейіп келеді. Ал сол зиярат етушілердің басым бөлігі алыс жақын шет елдердің мұсылман қауымы. Ақпараттық технология заманында өмір сүрудеміз.Келер қонақ, міндетті түрде интернет желісіне тәуелді болып, ақпарат алғысы келеді. Түркістан деген сөз жазысымен əлігі бас аяғы жоқ , жерден алып жерге салған, аты да түсініксіз «Ағалық БОЛАШАҚ» шыға келеді. Киелі қаланың базарынан бастап, жол жиегін, қоғамдық орындарды тек жамандаған Балқожаев Əльқожа деген ағамыздың атақты ютуб-каналы. Мен саралап шықтым. Ағамыздың аузынан не болашаққа, не қонақтарға айтылатын бір жағымды видео материалын көре алмадым….
Қорқыту, үркіту, былапыт боғауыз, не бас, не аяғы жоқ ауру сөздерге толы сияқты… Осы видео материалдарды көріп отырған Түркістан қалалық әкімшілігі, Түркістан қалалық прокуратурасы, ішкі істер бөлімі, Нұр Отан партиясының , сондай ақ, маслихат депутаттары ақсақалдар алқасы төрағалары, ауыл азаматтары қайда? Əдебиетте жалпы ақпарат таратушыларда мынандай сөз бар, «үнемі ізденісте жүреді»- дейді. Мынау Ағалықтың ізденісінің түрі сұмдық, толып тұрған қарама-қайшылық. Заңмен деп тұрып заң бұзушылық! Қарапайым мысал: өзі көлік жүргізіп отырып, тел камерасымен жұмыс жасап, отыр! Жүріп бара жатқан көлік жүргізушісі «ремен» тақпаған дейді ,ал өзі ше? Сол көлікті қуып жүр…
Саны жетіп артылатын сюжеттерден бір ғана дұрыс сенбілікті көрсетіпті, менің аңғарғаным , ол жерден экстремистік ұйымның жұмысы байқалғандай болды. Ілкімді іс, қабырғалы жұмыс жасап , лайықты бағасын алсын, қарсылық танытпаспыз! «Мақсатың болмаса-жолыңды тұман шалғаны, талабың болмаса тауды да көре алмайсың», — дегеннің өзі болып тұр. Ағалық деп аталғасын біз, ізгілікті мейірбандықты, рухшылдықты өн бойымызға сендіргіміз келеді. Ал осы каналдан қандай бір өрелі іс көріп тұрмыз? Таңның атысынан, түн қараңғысына дейін нəпақасын тауып жүрген халықтың, абыройлы елдің, дәрежесін төмендету мен Түркістанды төпелей былыққа батыру! Ой-өріс кеңдігі мен ақыл парасат, жоқтың қасы ! Ақылыма бағынбайтын , кеудемдегі сан мың сұраққа жауапты қайдан аларымды білмей отырмын!? Адамдық қасиет бар жерде, ізгілік те бақыт та бар.Жаманы мен жақсысын ажыратайық, əлеумет! Жастар , ұрпақ адаспасын деген тілек қой!

«МедиаON» ақпараттық, САРАПТАМАЛЫҚ, құқықтық агенттігінің директоры — бас редакторы М.Абдалиева.

Қосымша: Видео  (Ютуб желісінің: «Туркестан жастары» арнасынан  (каналынынан) алынды)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *