Басты бет > Жастар > ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ФИЛЬМНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ФИЛЬМНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Түркістанда облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жастарға арналған тәрбиелік мәні зор кезекті фильмін көрермен назарына ұсынды. Дәстүрлі түрде төртінші рет үйымдастырылып жатқан фильм «ГАРАНТИЯ» деп аталады. Бұған дейін «Жастар орталығы» «HELLO Ауыл», «Жанұя», «Бойжеткен» сынды жастарға арналған фильмдерді халықтың назарына ұсынған.

Режиссер Серік Таласовтың айтуынша: «Жалпы жобаның мақсаты – жастарды кино арқылы тәрбиелеу. Фильм бақытсыз отбасы жайында. Кішкентай Олжас өзінің отбасына көңілі толмайды. Көрші отбасыға қызыға қарайтын бала, өз анасы мен әжесінің ұрысынан шаршаған. Олжастың көңілін көтеретін бір ғана жан бар, ол жатақханада тұратын нағашысы Ұлан. Ұланның әзіл әңгімесінен у туралы естіген Жұлдызай, өз енесін улауды ұйғарады.»

Фильм елімізде болып жатқан түрлі ауқымды проблемаларды қамтыды. Қазіргі отбасылардың ажырасып кетіп жатқанын, ажырасқан кезде ортадағы баланың психикасы бұзылатындығын, елімізде көптеген заттар пара арқылы шешіліп жатқандығын баяндайды. Отбасы бақыты үшін тек бір адам ғана емес, бүкіл отбасы мүшелері жұмылған жұдырықтай болып күресу керек екенін көрсетеді.

Фильмді алдағы уақытта барлық жастар интернет-ресурстары арқылы тамашалай алады.

Медиаон ақпарат