Басты бет > Мәдениет > ТҮРКІСТАНДА «АСТАНАДАН АҚ ТІЛЕК» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «АСТАНАДАН АҚ ТІЛЕК» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

7
views

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында  Түркістан облысындағы Астана қаласының мәдени күндеріне арналған «Астанадан ақ тілек» гала-концерті өтті.
Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған шараны Түркістан қаласының әкімі Өсербаев Әліпбек Шәріпбекұлы мен Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары
Мұхамбеталина Нарима Абылқызы құттықтау сөзбен ашып берді.

Концертте Астана қаласының Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі, «Шалқыма» халық биі ансамблі, эстрадалық би ансамблі, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистерімен қатар, ҚР Мәдениет қайраткері, әнші Клара Төленбаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Алтынай Жорабаева,
Маржан Арапбаева, , Асқар Жайлаубаев, Бауыржан Исаев, Дос және Алмас Кішкенбаев сынды отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, түркістандық көрермендерге айрықша кеш сыйлады.
Айта кетсек, Астана қаласы әкімдігі мен елорданың Мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан айтулы мерекелік шара еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асуда.

Медиаон ақпарат

Суретті түсірген: «Оңтүстікфильм» мекемесінің түсірілім тобы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *