Басты бет > Хабар > Түркістанда”Денсаулық Фестивалі -2019″ акциясы өтті

Түркістанда”Денсаулық Фестивалі -2019″ акциясы өтті

«Денсаулық сандарына жет!» ұранымен
кең ауқымды «ДЕНСАУЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ – 2019» акциясы Түркістан қаласында өтті.
Еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткен «Денсаулық сандарына жет!» ұранымен 20 – сыншы «Денсаулық фестивалі – 2019» кең ауқымды акциясы сағат 9.00 де барлық мекемелерде 10 минуттық жаттығу жасаудан бастау алды.
Акцияның мақсаты – қоғамның белсенді салауатты өмір салтын ұстануға назар аудару. Түркістан қаласындағы барлық мекемелерде: бала-бақша, мектептер, орта және жоғарғы оқу орындары, жұмыс орындарында және жаңа Арбатта қала тұрғындарының қатысуымен жаппай таңғы 10 минуттық жаттығу жасаудан басталып, сонымен бірге қала тұрғындарына медицина ұйымдарының мамандары жаңа технологияны пайдалана отырып медициналық қызмет көрсетті. Тұрғындардың барлық медициналық кеңестерден, тексерілулерден өтуіне мүмкіндіктері болды. Сонымен қатар, Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен облыстық этномәдени бірлестіктердің “Қазақтану” жобасы аясында «Қазақ дастарханы» ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылып қала жұртшылығына және қонақтарға таратылды. Түрлі жағдай орын алғанда жедел жәрдем келгенше алғашқы медициналық көмек түрін көрсету бойынша медициналық білімі жоқ адамдар үшін мастер-класстар көрсетіліп, үйретіледі. Фестиваль аясында мәдени-спорттық бағдарламалар ұйымдастырылып іс-шаралармен жалғасты. «Парасат» саябағынан жаңа Арбатқа дейін велосипед тебушілер жүріп өтсе, мектеп оқушыларының салауатты өмір салты бойынша суреттерінің көрмесі болды . Сонымен қатар тиімді тамақтану бойынша мастер-класстар да назардан тыс қалмады.
Денсаулықтарына жауапкершілікпен қарап, салауатты, белсенді өмір салтын ұстануға ниет білдірген барша жерлестерімізді Денсаулық Фестиваліне қатысқанына алғысымызды білдіреміз!