Басты бет > Мәдениет > ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының бастамашылдығы

ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының бастамашылдығы

Түркістан қаласында өткен ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының ұйымына мүше елдер министрлерінің  XXXV шешімімен Түркі елдері үшін 2018 жыл “Кастамону-Түркі әлемінің мәдени астанасы” жылы ретінде жарияланғаны белгілі. Осы орайда,  Ұлыстың ұлы күні Түркия Республикасының Кастамону қаласында  аталған жылдың салтанатты ашылуы мен Наурызнама мерекесі өтті. ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының бастамашылдығымен  түбі бір түркі елдері басқосқан мейрамға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кипр, Татарстан, Македония сынды 19 мемлекеттен 400-ден аса делегаттар қатысып, әз Наурызды бірге тойлады. Түркітілдес елдерге ортақ мерекеге Қазақстан атынан оңтүстікқазақстандық өнер ұжымдары, оның ішінде 2017 жылы Түркияның Бурса қаласында өткен 31-ші Халықаралық «Алтын Қаракөз» фольклорлық би байқауының бас жүлде иегері «Қазына» би ансамблі, облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты «Семсер» тобы, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері Наркенже Серікбаева, Айнұр Әбілдаевалар қатысып өнер көрсетті. Сонымен қатар, қазақстандық делегаттар ішінде

Оңтүстік Қазақстан облысының Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева мен “Қазына” би ансамблінің жетекшісі,ҚР Мәдениет қайраткері Зәуре Әжібекова, “On’tu’stik” телеарнасының редакторы Нұрмахан Кенжехан және “Оңтүстікфильм” мекемесінің бағдарламалармен қамтамасыз етуші маманы Жұмахан Надировтар да бар.
Әз Наурыз мерекесінен арналған шараға Түркия Республикасының премьер министрінің орынбасары Реджеп Актаг, Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Нуман Куртулмуш, Кастамону қаласының губернаторы Яшар Карадениз, ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы және өзге де облыс губернаторлары мен мэрлері, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Ұлыстың ұлы күнімен исі мұсылман қауымды құттықтаған ТҮРКСОЙ Халықаралық Ұйымының бас хатшысы Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы табиғаты таза, тарихи ескерткіштер мен киелі орындарға бай Кастамону қаласының түркітілдес елдерге ортақ орындары да мол екендігін жеткізді. Жыл сайын түбі бір түркі жұрты бас қосатын Наурыз мейрамы тарихи жылнама іс-шарасының ашылуымен қатар өткізілуінің де маңызы зор. Руханияты мен әдебиеті, мәдениеті егіз Түркі ұрпақтары Ұлыстың ұлы күнінде бас қосып, төс қағыстырып, бауырластығын білдіруі дәстүрге айналған. Биылғы жылы Кастамону қаласында
Түркі елдері  50-ден аса көлемді іс-шараларда бас қосады”-деді.
Әр елден келген өнерпаз өз дәстүрін, тілі мен ділін өнер арқылы насихаттап, туыстығы берік Түркі еліне шуағын шашса, “Сарыарқа” әнімен Кастамону көгін әнмен тербетіп, “Бабалар рухы” әнімен ел намысын ту ете асқақтатқан “Семсер” тобының жігіттері  ел ықыласына бөленді. Өрнекті биімен халықаралық жүлделерді қанжығасына байлап жүрген “Қазына” би ансамблінің әрбір қимылы патриоттық рухпен үндесіп, татулық пен береке-бірлікті паш етті.
Түркиядағы өнер сапары Кастамону, Анкара, Болу, Ыстамбұл қалаларында жалғасын тапты.
Сонымен қатар, 24 наурыз – 6 сәуір аралығында Болгария, Македония, Босния, Албания, Черногория мемлекеттерінде Халықаралық Наурыз мерекесіне арналған концерттерде де қазақ өнерпаздары өнер көрсетеді.

 

Медиаон ақпарат
М.Жұмабайқызы 
ОҚО Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының баспасөз қызметі 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.