Басты бет > Саясат > Түрксой туы – Түркістан аспанында қалықтады!

Түрксой туы – Түркістан аспанында қалықтады!

   Түркістан қаласы – Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы болып жарияланды. Осыған байланысты аталмыш атауды алып жүрудің өзі үлкен жауапкершілікті талап етеді. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жыл бойына түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты нығайту, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырады.

 Жоба мақсатына Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәңілік ел» идеясын ұстанған Ұлы дада елінің шаһары, Түркі елдерінің мәдени астанасы атанған Түркістанды төрткүл дүниеге танытып, түркі тілінде сөйлейтін халықтар мен елдердің арасындағы достық қатынастарды нығайтып, ортақ түркі мәдениетін, тілін, тарихын, өнерін, әдет-дәстүрлерін зерттеп, жалпыға жария ету, дамыту, сақтау, болашақ ұрпақтарға мұра ету болып табылады. Түрксой ұйымы түркі халықтарының мәдени астаналарын таңдау жобасын 2012 жылы іске асырған. 2012 жылы – еліміздің бас қаласы Астана, 2013 жыл – Түркия Республикасының Ескішаһар, 2014 жылы – Татарстанның Қазан, 2015 жылы – Түркменстанның Мары, 2016 жылы – Әзірбайжанның Шеки қаласы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде танылған. Биыл міне 2017 жылы Қазақстан Республикасының рухани қаласы Түркістан бүкіл түркі елдерінің мәдени астанасы атанып отыр. 2017 жылдың қаңтар айында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасын жоғары деңгейде өткізу үшін ОҚО әкімдігіне өңір басшысы Жансейіт Қансейітұлы, Түрксой ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және Қазақстан Республикасы  Мәдениет және спорт  вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шаралар жоспары үш жақты меморандум аясында бекітілді. Бекітілген жоспарға сәйкес, Түркістан қаласында 40 іс-шара ұйымдастырылады деп жоспарланған. Атап айтқанда, түркі әлемінің халықаралық ақындар айтысы, түркі тілдес халықтар театры, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және анимациялық фильмдер мен қолөнер шеберлерінің, музыканттардың фестивальдері, суретшілер көрмесі өткізіледі. Сонымен қатар, маңызды Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы сынды бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

“Mediaon” ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.