Басты бет > Қоғам > Түлкібас ауданының әкімі Н.Ә.Тұрашбеков Қазақстан халқын Конституция күнімен шын жүректен құттықтады!

Түлкібас ауданының әкімі Н.Ә.Тұрашбеков Қазақстан халқын Конституция күнімен шын жүректен құттықтады!

Фото Түлкібаса Ауданының Әкімдігі.Құрметті қауым!
Сіздерді келе жатқан тәуелсіз Қазақ елінің Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Дала елінде тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атқанына ширек ғасырдан асқан шақта, егемендік пен дербес елдіктің құқықтық негізін қалап әрі бекіткен Конституциямызға 22 жыл толып отыр.


Егеменді еліміздегі жасампаздық үрдіс – мемлекетімізде берік орныққан тұрақтылық пен келісімнің, арман – тілегі ортақ, мұрат – мақсаты бір қазақстандықтардың ұйысқан татулығы мен бірлігінің, баянды бейбітшіліктің нәтижесі.
Тәуелсіз еліміздің мызғымас тұғырына айналған Ата Заң елдігіміздің киелі кітабы, қастерлі құжаты. Конституцияның әрбір сөзі, бөлімі мен бабы ел азаматтары үшін аса құнды дүние. Себебі, қазақстандықтардың құқықтары мен бостандықтарына ел Президенті кепіл. Сондықтан, Ата Заңды қастерлеу мен құрметтеу, талаптарын бұлжытпай орындау азаматтық парызымыз.
Сіздерді егемендігіміз бен дербестігіміздің, азаттық пен азаматтығымыздың айшықты айғағы Ата Заң күнімен құттықтаймыз! Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға құт-береке мен толайым табыстар тілеймін!
Ізгі ниетпен,


Түлкібас ауданының әкімі Н.Ә.Тұрашбеков

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.