Басты бет > Мәдениет > ТҮЛКІБАСТА ШҰБАЙҚЫЗЫЛ ШЫРАЙЛАНЫП ТҰР

ТҮЛКІБАСТА ШҰБАЙҚЫЗЫЛ ШЫРАЙЛАНЫП ТҰР

51
views

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі Түлкібас ауданында өтті. Аудандық, ауылдық әкімдік қызметкерлері, ардагерлер кеңесі және әжелер кеңесінің төрағалары мен төрайымдары, мәдениет саласы қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары фестиваль қонақтарын аудан шекарасынан күтіп алып, аймақтың тыныс-тіршілігі жөнінде әңгімелеп, киелі, тарихи маңызы жөнінде мәлімдеді. Шара Келтемашат ауыл округінде Түлкібас аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы Оңласын Құлбековтің төрт жылдан бері 200-ден аса жәдігерді өз қолымен жинақтаған «Ауыл тарихы» мұражайымен танысудан бастау алды. Ауданындағы киелі, тарихи жерлерді насихаттауға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Қазақстанның киелі жерлері тізіміне енген «Тамшы» әулиеге құран бағышталып, қариялар тау мен су  шежіресінен сыр шертті. Аймақтың айшықты атын баршаға танытып, сұлулық пен әдеміліктің символына айналған Шұбайқызыл шоқысындағы қызыл кілем қызғалдақтар алқабы да назардан тыс қалмады.

Фестиваль аясында аудандағы мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінің халық шығармашылығын дамыту мақсатында атқарылған жұмыстары, елдімекенің тарихы мен географиялық ерекшелігін көрсететін стенд көрмелер таныстырылып, аудан өнерпаздарының флешмобы мен ұлттық ойындары және  гала-концертке жалғасты.
«Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» облыстық өнер фестивалі  баспасөз конференциясымен қорытындыланды.  Басқосуға М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің аға оқытушысы, қазылар алқасының төрайымы Жұмабай Ләйла Жұмабекқызы, қазылар алқасының мүшелері Композитор, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, ОҚО Композиторлар қауымдастығының төрайымы Сәтмұхамбетова Құралай  Шайзадақызы, «Qazaqstan» Ұлттық арнасының «Елден хабар» және «Ontustik» телеарнасының «Ел мен жер» бағдарламаларының редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері Атабек Мұхтар Орынтайұлы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының Халық шығармашылығы бөлімінің меңгерушісі Нұрмағамбетов Мұратбай Қуантқанұлы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының редакторы Айтпенбетова Мадина Жұмабайқызы және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қызметкерлері мен мәдениет үйі, клуб мекемелерінің меңгерушілері, зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Отырыс барысында фестивальді ұйымдастыру мен сценарийлік құрылымы, сахна мәдениеті, үйірме жұмыстарын жандандыру және оларға қолдау көрсету сынды көптеген мәселелер ортаға салынды.
Түлкібас ауданындағы мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелер жыл басынан бері 1555 іс-шара өткізсе, оның бірқатары «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттауға арналған. Аудан көлемінде 10 мәдениет үйі, 19 ауылдық клуб жұмыс жасайды. Жас дарындарды халық шығармашылығына баулу, шыңдау мақсатында 72 үйірмеде 732 қатысушы бар.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы 7 ауылдық клуб дыбыс күшейткіш аппаратурасымен жабдықталған.

М.Сабыр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *