Басты бет > Хабар > ТҮЛКІБАСТА ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ТҮЛКІБАСТА ОТБАСЫЛЫҚ ДЕМАЛЫС ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

33
views

Елбасы Н.Назарбаевтың әрбір өңірдің өз мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына орай, тау бөктерінде орын тепкен  Түлкібас ауданы, Керейт ауылында отбасылық демалыс орталығы ашылды.
Тамаша табиғат аясындағы орталық бір мезетте 1000 адамды қабылдауға шақталған.  Орталықта балалар демалыс орталығы, бассейн, қонақ үй, мейрамхана мен тапшандар орналасқан.  35 адам жаңа жұмыспен қамтылып отырған орталықтың құрылыс жұмыстарына 2 млрд теңге қаржы жұмсаған.
Демалыс орталығының ашылуына аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, орталықтың директоры А.Красненков сөз сөйлеп, аудан аумағында туризм кластерін дамыту мақсатында құрылған нысанның ашылуымен құттықтады.

Нысанның ашылуына еліміздің өнер жұлдыздары өнер керсетіп, кеш соңы мерекелік от шашумен ақталды.
Осылайша, таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас өңірінде жыл сайын сауықтыру мен демалыс орталықтары ашылып, келуші саяхатшылар  саны артуда.
Түлкібас ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *