Басты бет > Саясат > Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

Түлкібаста биыл 31 өндірістік кооператив құрылды

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының шаруалары осы жылдың тоғыз айында 25 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5 млрд. теңгеге артық. Сонымен қатар, диқандар 64 906 гектар жерге егілген дәнді-дақылдан гектарына 18,5 центнерден, ал мақсарыдан 12,5 центнерден өнім алды. ОҚО әкімінің баспасөз қызметі ұйымдастырған пресс-тур барысында журналистер осындай игі істің куәсі болды. БАҚ өкілдері аудандағы ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан шаруалармен танысып, бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.