Басты бет > Мәдениет > Түзеуін түріп, Түркістанға Түймебаев неге сонша ерте аттанды?!

Түзеуін түріп, Түркістанға Түймебаев неге сонша ерте аттанды?!

Сені көлден айырған – Лашын құстың тепкіні. Мені елден айырған – Хан Жәңгірдің екпіні. Айтып – айтпай немене, Құсалықпен өтті ғой, Махамбеттің көп күні!-деп жырлағандай, Түркістан облысының әкімі Ж.Қ.Түймебаев мырзаның апыр-топыр көшіп кеткен тірлігін түсіне алмай-ақ қойдым.

Елбасымыз Н. Назарбаев Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласы болсын деген жарлығында, асықпай 2020-жылы көшетінін де ескертіп еді. Ендігісі не жорық? Бір жанұяның көшуі үшін қандай қиындық туатыны мәлім. Ал мұнда қаншама басқарма, ал мемлекеттік қызметкерлеріміз ше? Баяғы балалық шақта айтатын, “обалы неміске” деген сөзімізді кімге арнауды ұға алмай отырмыз… Аяқ асты көшіп барған жерлестеріміз, қора-қопсыны паналап жатқанын тілге тиек етуде… Көтеріліп кеткен пәтер бағалары, тіпті сол бағаға сәйкес келмейтін, тұруға ыңғайсыздығы бөлек әңгіме…

Картинки по запросу түркістан көш

Жағдайы жоқ қызметкерден қандай жұмыс талап етуге болады? Иә, енді обал сауапты кімге арнауды көрелік? Астана бірден Астана болған жоқ, келісеміз, дегенмен Елбасының өзі айтты емес пе, асықпай көшуді, ал бұл дегеніміз, жағдай жасап көш дегенді меңзегені емес пе? Жалпы Шымкентті Түркияға айналдыру арман болып қалған әкіміміз, Түркістанды қандай қалаға айналдырмақ екен? Қаймана қазақтың ұйытқысы болған өлке Түркістан, келуші елді қолдарынан келгенше қабылдап жатыр. Мұндай тариxи тағылымды сәттерді, қанат қақты кереметтерді жарыса жариялау көөөп БАҚ-тың еншісіне тие бермейтінін де жасырып қайтеміз! Оны көтеріп те, көріп те жүрміз. Көңіліңді көтеріп,қолыңды ұзартатын биіктік әркімнің-ақ арманы. Бірақ шың биікке шығу да, түсу де қиын, қызметте–өте-мөте. Үнемі асығыс жүріп,алды артын ойламайтын тың шешімдер қайда апарар екен деген ой кетпей тұр ғой, санадан… Біраз елді әуре сарсаңға салып шалағайлық танытудың қажеті шамалы еді! Ендігі кезекте қабылданған қаулылардың, белгіленген шаралардың орындалуын бақылауды әлсіретіп алмау! Екі дүние есігі атанған Түркістан, Түріктің Тәңірі берген несібесі саналатын мекеннің ырғақтап дамып жатқанында, күлкі болудан сақтану! Мемлекеттік, қоғамдық ,экономикалық әлеуметтік, мәдени мәселелерді ұйымдастырып шешуде қол жеткен, тариx мақұлдаған үздік тәжірибелерге үрке қарауға болмайтындығына назар аударса болар еді…

“МедиаON” Республикалық

ақпараттық, құқықтық, сараптамалық агенттігінің

директоры-бас редакторы

Малика Абдалиева

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.