Басты бет > Саясат > «ТІЛ ШЕБЕРІ -2017» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ТІЛ ШЕБЕРІ -2017» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау көрсету, үштілділікті насихаттау мақсатында «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «Тіл шебері-2017» облыстық байқауы өтті. Шара 21 мен 29 жас аралығындағы ОҚО бойынша аудан, қала әкімдіктері мен департамент, басқармадағы 20 мемлекеттік қызметші жастар арасында ұйымдастырылды.

Байқау нәтижесінде бас жүлдені облыстық статистика департаментінен қатысқан Табылдиева Жанерке иеленді. Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларға басқарма басшысының алғыс хаттары, дипломдары табысталып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Тіл шебері -2017» мемлекеттік қызметші жастар арасындағы облыстық байқауының бас жүлде иегері Республикалық «Тіл шебері-2017» мемлекеттік қызметші жастар арасындағы байқауға жолдама алды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.