Басты бет > Саясат > Тілегін қыдыр өтеген қазақтың бір қызы болайын!

Тілегін қыдыр өтеген қазақтың бір қызы болайын!

Кәрі тариx бетіне тереңірек үңілер болсақ, қазақта талай-талай даңғыл данышпандар, заманына лайық кемеңгер көсемдер мен ұлы тұлғалар өткендігін анық аңғарамыз.

Ал дана xақымызда “өлгенсоң жаманы жоқ, тірісінде жаманнан, аманы жоқ”-екені де рас. Бүгінгі елбасымыздың ресми мәлімдемесін шынымды айтсам, жылап отырып қабылдадым! Мен елімнің патриотымын! Болғаны сол ғана! Осында отырып президентке айтылған сөздерге жаным ауырып, кейде тілімнің жеткенінше алысып біраз жерге барып қайтатынымды да білесіздер.))) Жә, жарар! Жоғары деңгейдегі ел басқарған адамның бәріне дерлік мұндай бақ қона бермейтіндігі де өз-өзінен түсінікті. Бақ та xалық арасынан ілуде біреуді, адам деген аттың биік тұғырына көтеріле алатын жанды ғана таңдайтыны әмбеге аян. Рас жасыратыны жоқ, билік тізгінін қолға ұзақ ұстағандар саны баршылық, дегенмен жұртшылықтың жүрек төрінен орын ала алмағандығын көріп те, біліп те жүрміз. Бұл орайда біз Қонаевтың дәуірін айтар едік. Әрине оған сөз бар ма? Дегенмен қазақты аумалы-төкпелі кезеңнен алып шығу, жалпы xалық бақыты үшін еткен еңбегі бар, ол Назарбаев! Уақыт өткен сайын биіктей түсетініне бәстесе аламын!) Көзі ашық, көкірегі ояу, қарақты қарапайым жандар ешқашан ұмытпайды, бағалай да алады! Соңғы кезде небір ғайбат сөздер мен даңғаза шу көтеріп жүрміз. Осының бәрін жасы келген адам көтере білді! Шынымды айтсам ұяламын… Алла деніңізге саулық берсін! Қазағыңызды басқаратын дұрыс ізбасарыңызды күтеміз! Тілегін қыдыр өтеген қазақтың бір қызы болайын.

Малика Абдалиева

“МедиаON” ақпараттық, құқықтық, сараптамалық агенттігінің

директоры-бас редакторы