Басты бет > Білім > ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

Елбасымыз Н.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында жаңаша дүниетанымдық көзқараспен жұмыс жүргізу, талантты балаларды сахна төріне шығару, ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді насихаттау, оқушыларды туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы мектептері арасында “ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ” атты өнер фестивалі өткізілуде.

2008 ж. 19-ақпан күні Шардара ауданы білім бөліміне қарасты А.Әлімбетов атындағы жалпы орта мектебінде “ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ” атты өнер фестивалі жоғары деңгейде өтті (ұйымдастырушылар: мектебіміздің ұйымдастырушы-педагогы А.Баратова, ДТІЖО А.Чукманова және Т.Бұрханов, үйірме жетекшісі Қ.Райымбекова). Талантты оқушыларымыз өнерін туған жеріне, еліне деген махаббатын ән-жырларымен жеткізді. Сыдық Нұртас, Құрманбек Ернар, Мұрат Назерке, Әлжан Лаура, Баратов Жақсылық, Тойлан Тоғжан, Қытайбек Динара, Қонысбек Ұлбала, Асылбек Таңсұлу, Бірлік Аяулым, Дәуренбай Ақнұр, Муслимова Аяулым, Зиянат Назира, Келдібек Ұлданай, Хажым Гүлжаухар, Срайыл Жансая, Есендік Сабина, Серікбай Бірғаным, Исабек Жібек, Құдайберген Мерей, Исабек Малика, Құрманбек Әсия, Ұзақбай Аида, Маханова Ақниет, Қонысбек Ақтолқын, Әсет Ұлбала, Муслимова Лиза, Ахатова Кәмшат, Әуесхан Аяжан, Сайлау Нұржамал, Қоныс Жәудір, Сүгірәлі Қалмұрат, Араш Нұрдәулет, Мыңжасар Жасұлан, Жаңабай Ермек, Молдахан Ернар, Құрманбек Нұрбек, Әнуар Буыржан, Маханбет Ералхан, Құттыбек Талғат, Жарасбек Нұржігіт, Сағындық Әл-Фараби, Қаныбекұлы Мықтыбек, Тынымбай Болат, Нартай Бақберген, Жаңабай Рауан, Баймұрат Нұрсүндет, Қаныбек Ұлжан т.б сынды балаларымыз мына жанрлар бойынша керемет өнер көрсете білді: хор; театр, сатира; көркем сөз оқу; эстрада -жеке орындаушылар; би; халық аспаптармен күй орындау.
Іс-шара қойылған талаптарға сай өткізілді: концерттік бағдарлама тақырыпқа сай безендірілуі, режиссёрлық қойылымы, таңдалған киім үлгісі, сахна мәдениеті сақталуы, бейнетаспамен қамтылуы, саз аспаптардың құлақ күйі, орындау шеберлігі, шығарма мазмұндылығы, әсерлілігі.

Ауқымды іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен ата-аналарға мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтамыз.

Гуля Рыспаева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.