Басты бет > Хабар > Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстарын ұсынамыз. Трансформация. Партия құру процесін жалғастыру

Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстарын ұсынамыз. Трансформация. Партия құру процесін жалғастыру

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті ретінде парламент палаталарының бірлескен ашық отырысында Қазақстан халқына тұңғыш рет Жолдау арнады.

Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстарын ұсынамыз. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтады. Президент ҚР тарихындағы жаңа кезең жақындап келе жатқанын, жақын арада ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толатынына назар аударды.

– Бұл тәуелсіздік – қазақ халқының сан ғасырлық арманының жүзеге асқаны.

Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстан тұрақты тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақстан Республикасының даму жолын “Назарбаев моделі” деген атаумен халықаралық қоғамдастық мойындап отыр. Біз жүйелі де дәйекті реформалармен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын ұстанатын боламыз. Қазір мемлекеттік органдар менің сайлауалды платформаларымды жүзеге асыру үстінде. Біздің жұмысымыз 5 институционалды реформа және ұлт жоспарын жүзеге асырудан басталмақ. Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның жұмысы қайта жандануы керек.

Енді жалпы міндеттер туралы: тиімді мемлекетті жетілдіру. Уәде етілген саяси трансформация халықтың мүддесіне сәйкес жасалады. – Тарих дәлелдегендей, жүйесіз либерализация хаосқа әкеледі, сондықтан біз барлығын біртіндеп жасаймыз.

Күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет – бұған әлі қол жеткізген жоқпыз, бірақ осы мақсат жолында біз тез қарқынмен жүруіміз керек. Біздің ортақ міндетіміз – адамдардың барлық сұраныстарына тез жауап беретін “еститін” мемлекет тұжырымын жүзеге асыру, тек диалог арқылы үйлесімді мемлекет құруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамды қолдау және нығайту, оны өзекті мәселелерді талқылауға тарту қажет. Осы мақсатты Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі құрылды. Жақын арада біз мынадай шараларды жүзеге асыруымыз керек:

  1. Партия құру процесін жалғастыру. “Нұр Отан” партиясы елдің жетекші саяси күші, ол күрделі де жауапты міндеттерді жүйелі түрде орындайды. Біз басқа саяси партиялармен және қозғалыстармен ынтымақтасуымыз керек. Қоғамды толғандыратын негізгі проблемалар сынға алынып, олардың шешімі көшеде емес, парламентте, азаматтық диалог аясында талқыланып, табылуы тиіс. Депутаттар өз құқықтарын пайдалануы керек, оның ішінде үкіметке өтініштерін жолдау арқылы жүзеге асыруы керек. Сонымен бірге заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы қатынастар өзара құрметке негізделуі керек.

Медиаон ақпарат