Басты бет > Хабар > Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстарын ұсынамыз. Полицияны реформалау

Тоқаевтың Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауы Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен маңызды тұстарын ұсынамыз. Полицияны реформалау

Маңызды міндеттердің бірі – полицияны реформалау болып қала береді. Полиция азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органға айналады. Мен 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта ұйымдастыруды тапсырамын. Бұл жұмысқа 173 миллиард теңге бағытталады. ХҚКО сияқты фронт-кеңселер құрылады. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі трафигі, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты ауыр қылмыстар үшін жазаны шұғыл түрде күшейту қажет. Бұл – менің Парламент пен Үкіметке тапсырмам. Жақында болған қайғылы оқиғалар браконьерліктің ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түріне айналып кеткенін әшкере етті. Браконьерлер арнайы киінген, қаруланған, өздерін жазаламайтынын жақсы сезінеді. Осы жылдың өзінде екі инспектор олардың қолынан қаза тапты. Жақында Шығыс Қазақстан облысындағы көлде браконьерлер тобының қылмыстық әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл – тек жекелеген жағдайлар. Бірақ браконьерлік қылмыс тамыры тереңге жайылып, соның ішінде құқық қорғау органдарына да құрығын салған. Браконьерлер табиғатымызды, ұлттық байлығымызды аяусыз жоюда. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатаңдату үшін тұрақты шаралар қабылдауды тапсырамын.

Медиаон ақпарат