Басты бет > Мәдениет > ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы Шымкентте заманауи «Ұлы дала хикаялары» атты көрме ашылды

ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы Шымкентте заманауи «Ұлы дала хикаялары» атты көрме ашылды

Шымкент қаласының 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы болып белгіленуі аясында шаһарда атқарылып жатқан жұмыстар өте көп. Бүгінде республикада алғаш болып Халықаралық іс-шараларды Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан кейін бірінші рет Оңтүстіктің мегаполисі өткізгелі тұр. Тарихы мен мәдениеті түйіскен Қазақстанның Орталық Азияға шығар қақпасы саналатын шырайлы шаһар қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келеді. Қалада бірінші рет «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕ» арнайы жобасына сәйкес, «Ұлы дала хикаялары» заманауи өнер туындыларының көрмесі ашылды. Сонымен қатар 16 наурыз бен 1 мамыр аралығында көрмені 12 мыңнан астам адам тамашалаған.Нет описания фото.На данном изображении может находиться: 2 человека, люди улыбаются, люди стоят и люди на сценеNauryz «Koshkar-Ata» шарасы дәстүрге айналып, биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оның аясында өткен конкурстар мен акцияларға, салт пен дәстүрді насихаттайтын тағылымдық кездесу, көрмелерге 8000 адам қатысты. Бұдан бөлек ұлттық мерекеге орайластырылған 10- нан астам түрлі і-шаралар өтті. Бюджеттен аталған шараларды өткізуге 21 млн. теңге қаржы қарастырылып, игерілді.
Сәуір айында «Қызғалдақ жолы» халықаралық фестивалі өтті. Іс-шараға 10 мыңнан астам адам жиналды. Дала жауһары, гүлді насихаттауға отандық және көрші елдердің флористерінен бастап, суретшілер, дизайнерлер тіпті аспазшылар да өз үлесін қосты. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында нақтыланған «Қызғалдақ – Қазақстанның бренді» ұғымын көпшілікке паш ету мақсаты орындалды. Сонымен қатар, биыл «Damdi Shymkent» халықаралық гастофестивалін, «Soul of Shymkent» open-air музыкалық фестивалін өткізу жоспарлануда.

Медиаон ақпарат