Басты бет > Мәдениет > ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы Шымкентте Теміржол саласы бойынша 27 жұп жолаушылар поезы қатынайды

ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы Шымкентте Теміржол саласы бойынша 27 жұп жолаушылар поезы қатынайды

Шымкент қаласы аумағында орналасқан Шымкент теміржол вокзалы арқылы 27 жұп жолаушылар поезы қатынайды.

Жыл басынан бүгіңгі таңға дейін, Шымкент қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментімен және «Адал жол» жобалық кеңесімен бірлесіп, жол бойында жолаушылар поездарына рейдттік шаралар жүргізіп, нәтижесінде жол құжатсыз (билетсіз) жүрген 101 жолаушы анықталған.

Сонымен қатар, тасымалдаушылар тарапынан 541 қағида талаптарының бұзғандары анықталды. (штаб вагондары сейфпен жабдықталмауы, поезд құрамы жабдықталған төсек-орын жиынтықтарының пайдалану мерзімінің өтуі, вагондар екі түсті сигналы бар қол шаммен (фонарь) жабдықталмауы, поезд құрамы мүгедектерге арналған арнайы орындары бар вагондармен қамтамасыз етілмегені)

Жоғарыда аталған бұзушылықтардың негізінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 36 (18 жеке тұлға, 18 заңды тұлға) хаттама толтырылып, әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылып, 1 млн. теңгеден астам айыппұл салынып, өндірілді.

Өздеріңізге белгілі ағымдағы жылдың шілде айында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы жолаушылар поездарына деген билет дефицитін жою туралы нақты тапсырма берген болатын.

Осыған орай, Инспекциямен Шымкент көлік прокуратурасы, Шымкент станциясындағы желілік ішкі-істер бөлімінің полиция қызметкерлерімен бірлесіп теміржол вокзалында билетті заңсыз сатумен айналысқан азаматтарға қарсы бірқатар жұмыстар жүргізді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде билет алып-сатушылардың жолын кесу мақсатында «ҚТЖ» АҚ-на бірнеше ұсыныстар жолданды, атап айтқанда:

1. Топтап билет сату жүйесін оңтайландыру, ол дегеніміз бір билетпен топқа арналып сатылатын билеттерді сатуды тоқтату;

2. Поезд құрамына билет сату процессі нақты жүйеге келтіруді;

3. Жазғы маусымда жолаушылар поездарына сұраныстың көбейетіндігіне байланысты вагондардың санын көбейту және қосымша поездар қосы туралы ұсыныстар жолданды.

Жоғарыда аталғандардың негізінде, Инспекциямен жолаушылар поездарына бақылау басты назарда болады және құзырлы органдармен бірлесіп тиісті жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетінін атап өткім келеді.

Медиаон ақпарат