Басты бет > Саясат > ТМД елдерінің мәдени астанасы Шымкентте қала көркін бұзатын сауда нысандарын жою жалғасуда

ТМД елдерінің мәдени астанасы Шымкентте қала көркін бұзатын сауда нысандарын жою жалғасуда

Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 3 ақпандағы «Шымкент қаласы аумағында белгіленген жерлерден тыс орындардағы сауданы жою жұмыстарының 2019 жылға арналған іс-шара» жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы мен Шымкент каласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп, Төле би көшесі Орталық «Қырғы» базар аумағында, жол бойында ретсіз саудамен айналысып тұрған тұлғаларға «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жаңа бизнес – идеяларды жүзеге асыруға» атты бағдарламаларды түсіндіріп, осы бағдарламалар бойынша жұмыс жасауға шақырды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады. Шымкент қаласының сәулеттік келбетін көркейту мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында орналасқан коммерциялық нысандарда және сауда орындарының ғимараттарында орналасқан сыртқы (көрнекі) жарнамаларды ретке келтіру мен аудандардың салық түсімдерін ұлғайту мақсатында бекітілген 2019 жылға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлерімен Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мен жергілікті полиция басқармасының қызметкерлері бірлесе кезекті іс-шара ұйымдастырылды.
Іс шара барысында, аудан аумағындағы Тауке хан даңғылы және А.Байтұрсынов көшесінде орналасқан коммерциялық нысан иелеріне ҚР «Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы 508 бабының 11-бабына және ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-V1 ҚР3 кодексінің 603 және 605 баптарына сәйкес заңдастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту парақшалары таратылды.Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде өз жалғасын табады.

Медиаон ақпарат