Басты бет > Мәдениет > ТМД елдерінің мәдени астанасы аумағында бүгінде 4 автовокзал, 2 автостанция орналасқан

ТМД елдерінің мәдени астанасы аумағында бүгінде 4 автовокзал, 2 автостанция орналасқан

Шымкент қаласы аумағында 4 (төрт) автовокзал және 2 (екі) автостанция орналасқан:

1) «Бекжан» автовокзалы – Темірлан тас жолы, 129;

2) «Самал» халықаралық автовокзалы – Т.Рысқұлов көшесі, 160;

3) «ШҚААВ» автовокзалы– Володар көшесі, 16;

4) «Алаш» автовокзалы – Темірлан тас жолы н/з;

5) «Көктем» автостанциясы – Аймауытов көшесі, 143;

6) «АР» автостанциясы – Тәшенов көшесі н/з.

Шымкент қаласында республикаішілік тұрақты тасымалдау маршруттары тек қана қалалық тұрақты маршруттар бойынша ұйымдастырылған. Бүгінгі күнде қала аумағында тұрақты қалалық 78 бағыт бойынша бекітілген 1116 кестемен жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады, оның 54-і автобус бағыты (745 кесте), 24-і шағын автобус бағыты (371 кесте), оларға қаладағы 27 тасымалдаушы қызмет көрсетеді.

Шымкент қаласында жолаушылар мен багажды таксимен тасымалдауды жүзеге асыратынын тасымалдаушылар саны – 10, олардың көлік құралдарының жалпы саны -247 автокөлік.

2019 жылдың сәуір айында көлік мәселелері туралы заңға толықтырулар енгізіліп, жолаушылар тасымалдау саласында бақылау жүргізу полиция органдарымен қатар Көліктік бақылау органдарына берілді. Аталған заң 24 мамырдан бастап күшіне еніп сол күннен бастап инспекция тарапынан қоғамдық көліктерге бақылау жүргізіле бастады.

Жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Инспекция тарапынан қалалық бағыттарда, сонымен қатар ауданаралық бағыттарда 116 құқық бұзушылықтар анықталып, 1 млн 628 мың теңге айыппұл салынып, өндірілді.

Тұрақты тасымалдау қызметінде 84 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде:

– Жолаушылар тасымалдауға рұқсат беретін куәліксіз 11 құқық бұзушылық – («Грин БУС» ЖШС, «Оңтүстік тұлпар» ЖШС, «Автоимпульс» ЖШС, «Асыл» ЖШС, «К-2 ЛТД» ЖШС, «Асыл Транс Сервис» ЖШС, «Мұхтарәлі» ЖШС).;

– Билетсіз жолаушылар тасымалдау – 25 құқық бұзушылық («Грин БУС» ЖШС, «Оңтүстік тұлпар» ЖШС, «Асыл» ЖШС, «Абдиернұр» ЖШС, «Асыл Транс Сервис» ЖШС, «Мұхтарәлі» ЖШС, «Жолаушы» ЖШС, «Ай-бақдаулет» ЖШС, «Мейіржан Моторс» ЖШС, «Қасиет Транзит Сервис» ЖШС, «Дим димич компани» ЖШС);

– Тұрақты бағыттарда жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарын бұзу бойынша – 59 құқық бұзушылық анықталып отыр.

Тұрақты емес тасымалдау қызметінде 23 құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, такси көлігімен жолаушылар тасымалдау саласында 9 құқық бұзушылық анықталып, оның ішінде 3 тасымалдаушы арнайы лицензиясыз қызмет көрсеткені үшін құжаттары сотқа жолданды. Сондай-ақ, ауданаралық бағыттарда жолаушылар тасымалдау кезінде жолаушыларға билет таратпау және қоғамдық көліктердің белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі жиі кездеседі.

Шымкент қаласының аумағында 12 заңсыз стихиялық тұрақтар бар:

1)«Дархан» сауда үйінің автотұрағы,

2) «Көмешбұлақ» базары маңы,

3)«Әскери комиссариат» аялдамасы маңы,

4) «Қатын көпір» аялдамасы маңы;

5) «Кабиско» аялдамасы маңы,

6) «Гипер хаус» сауда үйінің маңы,

7) «Темір жол вокзалы»,

8) Әуежай,

9) «Автонұр»,

10)«Айна» базарларының маңы,

11) «Самал» автовокзалның маңы,

12) «Алаш» автовокзалының маңы.

Медиаон ақпарат