Басты бет > Мәдениет > ТМД елдерінің мәдени астанасындағы құрылыс нысандарымен сенат депутаттары танысты

ТМД елдерінің мәдени астанасындағы құрылыс нысандарымен сенат депутаттары танысты

Құрылы қарқын алған ТМД елдерінің 2020 жылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының құрылыс нысандарын Сенат депутаттары аралап, құрылыс ғимараттары мен және жүргізілу жұмыстарымен танысып шықты. Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келген ҚР Сенатының депутаттары Н.Бекназаров пен А.Қапбарова қаладағы құрылыс нысандары мен әлеуметтік мекемелердің жұмыс барысымен танысты.

Сенаторлар алдымен “Shymkent city” қалашығындағы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан нысандардың құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапасы, қаржы мәселелері, сондай-ақ көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамту жұмыстарынан хабардар болды. Мердігер мекеме басшыларына жұмысты мерзімде аяқтау, инфрақұрылымды дамыту, су, газбен жабдықтау жұмыстарын жүйелі шешуді тапсырды.

Сенат депутаттары, сондай-ақ, Шымкент қаласының Оқушылар сарайында кездесу өткізіп, балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуы мен оқушылардың лагерлерде демалу барысына қанықты. Сенаторлар білім саласына көп көңіл бөлініп жатқанын, алда лагерьлердің санын көбейту, қауіпсіздік мәселелеріне көңіл бөлу керек екенін айтты.

Медиаон ақпарат