Басты бет > Мәдениет > Тамырын тереңге жайған ұлы тіл – Қазақ тілі!

Тамырын тереңге жайған ұлы тіл – Қазақ тілі!

Көсегесі көгерген, Шаңырағы шайқалмайтын ұлттың тілі ешқашан жоғалмайды. Олай айтуға себеп бар: Ия мен қазақпын, және қазақ тілінің дархандығымен кең сөздік қорының бай болуына, ұлттың тазалығы мен тілдің тазалығына әрбір қазақ жауапты деп санаймын. Өз ана тіліңді білмей, биікке ешқашан шыға алмайтынымызды ұғынумыз қажет. Саналы ұрпақ пен қоғам қатынасы тілге тиек ететіндей биікте болуы шарт. Анаңнан дарыған асыл сөздерді, келешек ұрпаққа жеткізуші ретінде, қазақ болмысының түп тамыры саналатын туған тілі – қазақ тілінің болашығына мына тәуелсіз елдің жастары мен ат тізгінін ұстайтын аға жолдың алар асуының аз емес екенін жасырудың қажеті жоқ! Себебі бүгінде өз тілін ұмытқан қандастарымыздың туған тіліне деген құрметі төмендеуде. Бұның себебі шетелге еліктеп, қазақы дәстүрді ұстанбауында. Ара қатынасты ауыл және қала деп бөлетін кейбір тұлғалар, қазақ тілінде сөйлемек түгілі сөзінде ұмытқан. Бұл ұлтымызға төнген үлкен қауіп деп санаймын.  Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз- тәуелсіздік, егемендіксіз- тіл болмақ емес. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы екені баршамызға аян. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш-жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Халықтын тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес. «Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудыңаса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» – делінген. Мемлекеттің саясаты – тіл саясаты қағидасын тәжірибеге берік ендіру, алға басуға ұмтылу.  Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, аралас сөйлейтіндерді жиі кездестіреміз. Басқа халықты айтпағанда, өз ішіміздегі шала қазақтарды таза қазақ қылатын кез болды. Бүгінде де кейбіреулердің қазақ тілін білмеуі, білсе де сөйлемеуі – қазақ тілін жақсартып, биік белестерге көтермеуіміздің қатерлі дерті болып табылады. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам жәндік» -деп ашына айтқаны ойға оралады. Елінің болашағын ойлаған әр азамат ана тілінің болашағын да қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Өкінішке орай, соңғы кезде көптеген қазақ жастары өз ана тілін бұрмалап сөйлеуді әдетке айналдырған. Ата-ананы қадірлеу қалай керек болса, өз ана тілімізді қадірлеуді, қастерлеуді, аялауды қолға алайық. Төл тілінде сөйлеуден безу – ана сүтін беріп өсірген анаңды ұмытумен бірдей.

Сағындық Жанысбаев

“МедиаON” ақпараттық агенттігінің жауапты редакторы

Фото ғаламтордан алынды