Басты бет > Хабар > Талапты психолог – Шынболат Феруза Рахымқызы

Талапты психолог – Шынболат Феруза Рахымқызы

Шынболат Феруза Рахымқызы
Қызылорда облысының, Жалағаш ауданында 1994
жылы дүниеге келген. Мектепті үздік бітіріп, Арқалық қаласындағы педагогикалық
институттың педагогика жəне психология мамандығы бойынша ақысыз бөлімін 2015
жылы аяқтап шыққан. Институт табалдырығында жүріп мақала жазу, ғылыми жұмыстар
жазумен айналысқан. Бұл қызды неліктен «талапты психолог» деп отырмыз соған
тоқталып өтейік. Небəрі 2 жыл уақыт ішінде жеткен жетістері біршама. 2015 жылы
Қызылорда қаласындағы №280 мектебіне психолог болып жұмысқа орналасып, хатшылық
қызметін қоса атқарды. 2016 жылы мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі
орынбасары қызметін жасады. Жұмысқа тұрған алғашқы жылы Қызылорда облысы
психологтарына куратор, мастер-тренер болды. Мастер-тренер бола жүріп облыс, қала
жəне аудан психологтарына шебер-сыныптар өткізді. Тарих жəне психология салалары
бойынша өзі ғана емес, оқушылары да облыстық ғылыми жобаларға қатысып алғыс хаттар
мен орындар алды, психологиядан Республикалық олимпиаданың үшінші орын
жеңімпазы. Шетелдік психиатр мен психологтардан білім алған. Феруза психология
саласы бойынша ұлттық-тренер, «Білім беру үздігі» төсбелгісінің, əртүрлі «Құрмет
грамота», «Алғыс хаттардың» иегері. Қазіргі таңда Феруза жұмыс жолының үшінші
жылын бастады. Үшінші жылында «Bilim Foundation» қоғамдық қорының Атырау
облысындағы офисінің басшысы қызметін атқаруда. Ферузаның ойлауы өз деңгейінен
биік, танымы тереңде. Ол кəсіби сұранысқа ие маман ретінде қалыптасқан. Елбасымыз
«Қазіргі жастарымыз қандай болса, Қазақстанның болашағы сондай болмақ» демекші,
Ферузадан Қазақстан болашағына бір үлесі тиер тұлға шықсын деп тілек білдіреміз.

Айдос Зулкарнаев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.