Басты бет > Мәдениет > Сәуірдің 3-жексенбісі Халықаралық цирк күні.

Сәуірдің 3-жексенбісі Халықаралық цирк күні.

9
views

Осыған орай, Оңтүстік цирк МКҚК „Шынайы өнер-цирк„ байқауын ұйымдастырды. Байқауға барлық ауданнан келген 2-35 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты. Таланттылар додасына қатысуға ниет білдіргендер цирк жанрының барлық түрлері бойынша сынға түсті. Яғни қатысушылар акробатика, гимнастика, клоунада, жанглер, катушка, йога нөмірлерін көрсетіп, көремендерді таң-тамаша қалдырды.Қиында күрделі трюктерді ерекше үйлестіріп, әділ-қазылардың жоғары балына ие болуға асықты. Бәсеке мен бақталстыққа толы болған байқау көрермендерге ұмытылмастай әсер қалдырды.Сайысқа қатысқан барлық өнерпаздың мақсаты бір: асығы алшасынан түсіп, сайыста жеңіс тұғырынан көріну.

Биыл байқауға Бәйдібек, Сайрам, Шардара, Мақтарал, Қазығұрт, Кентау қалаларынан әр түрлі жанр өкілдері қатысты.Бас жүлде Сайрам ауданынан келген сиқыршы Ділмұрат Анартаевқа бұйырды. „Ең үздік номер„ номинациясын Бәйдібек ауданынан келген Бауыржан Бекберген жеңіп алса, „Ең жас қатысушы„ номинациясын Ерасыл Бейсалы иемденді. „Көрермендер көзайымы„ нөмірі Қазығұрт ауданынан келген „Назерке„ тобына бұйырды. Ал Жандарбек Шекербеков атындағы арнайы жүлдені Бәйдібек ауданына келген „Балауса„ цирк тобы иемденді.Көп жаттығуды, ептілікті, ерекше алғырлық пен тапқырлықты талап ететін жарқын цирк өнеріне жас өнерпаздарды тарту үшін мұндай байқаулар Оңтүстік цирк мекемесінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады.

 

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *