Басты бет > Саясат > СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІҚҰРТЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМНЫҢ ЖЕГІҚҰРТЫ

13
views

Қоғамның жегіқұртына айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекетімізде мықтап қолға алынып, кешенді түрде жүргізілуде. «Еліміздің ертеңгі тірегі–бүгінгі жастар»-деп, Елбасы айтқандай, болашақ жастарға үлкен сенім артуда. Осы орайда, Отырар ауданында
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің кестелі жоспарына сәйкес аудандағы  Д.Құрманбек атындағы №20 кәсіптік колледжі студенттері арасында «Мемлекеттік қызмет–қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет етудің ерекше түрі» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Қоғамның өзекті мәселелерінің бірі жастардың санасында мемлекеттік қызметке  деген қызығушылығын ояту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткен пікірсайысқа колледждің белсенді студенттері мен оқытушылары, сонымен қатар агенттіктің облыс бойынша департаменті жанындағы мониторингтік топ мүшелері қатысып, өз ойларын ортаға салып дәйекті пікірлерімен бөлісті.
Аталған жиында көтеріліп жатқан өзекті мәселенің маңызды екенін ескере отырып, тосыннан келіп қатысқан аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы жастарды еркін пікір алмасуға шақырды.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Ұлт көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлықты қоғамның көмегінсіз жеңу мүмкін еместігін айтып, осы бағытта тиісті тапсырмалар жүктеген болатын. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында тығыз ынтымақтастықты орнату керек. Біз осы пікірталас сайысын өткізбес бұрын алдымен «сыбайлас, жемқорлық» сөздерінің түпкі мағынасын терең түсініп алайық. Өйткені әрбір адам оның мән-маңызын түсінбей жатып үлкен істі бітірдім деуі бекершілік. Сондықтан баршаңызды қағаздағы сөздермен емес, өз ойларыңызды бүкпесіз жеткізуге шақырамын»,- деп отырып, студент жастарға түрлі сауалдар жолдап, ойларымен бөлісті.
Еркін форматта өткен басқосуда қатысушылар белсенділік танытып, өздерінің ұшқыр ойлары мен ұтымды пікірлерін жеткізді. Бұл жиын қатардағы іс-шара болғанымен екі тарапқа да берер тағылымы мол, әсерлі кездесуге айналды.
Шарада айрықша көзге түскен, қоғамның арасындағы тың мәселені дәйекті жеткізе білген Аймен Аслан, Ақберді Кәрібай мен Ажар Абдуллаевалар аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *