Басты бет > Хабар > Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өткізілді

Бүгін Шымкент қаласының ақпарттық коммуникациялық орталығында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Айта кетейік жыл басынан бері қала бойынша 41 қылмыс тіркелген, оның ішінде 31 сыбайлас жемқорлық фактілері.

Анықталған жемқорлық қылмыстарының басым бөлігін парақорлық және жымқыру құрайды.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тікелей департаментке немесе Call-орталықтың 1424 бірыңғай нөмірі арқылы хабарлауына болады.

Ақпараттың дұрыстығы, сондай-ақ заңды күшіне енген сот үкімі болған жағдайда олар ақшалай сыйақымен мадақталған.

Бүгінде 1 млн 153 мың теңге сомасына 7 адамға сыйақы берілген.

Медиаон ақпарат