Басты бет > Білім >  «СТУДЕНТТІК ЛИГА» турнирі өз дәрежесінде жоғары өткізілді

 «СТУДЕНТТІК ЛИГА» турнирі өз дәрежесінде жоғары өткізілді

26-27 қазан күндері облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында футзалдан «СТУДЕНТТІК ЛИГА» турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты: дене шынықтыру және спортты әрі қарай бұқаралығын дамыту, патриоттық тәрбиені күшейту; жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік жауапкершілігін көтеру; жасөспірімдер мен жастарды тұрақты түрде дене тәрбиесі мен спортқа баулу; жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында футзалдан “Студенттік лига” турнирі өтті. Турнирге жалпы жоғары және орта арнаулы оқу орнындарынан 16 команда қатысып, жүлделі І -орынды Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты спортшылары иеленсе, ІІ-орынды Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті спортшылары қанжығасына байлады, ал жүлделі ІІІ-орынды М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының «Парасат» колледжінің спортшылары иеленді. Жүлделі орындардан бөлек ойын барасында көзге түскен үздіктер де назардан тыс қалмай, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің студенті Кураев Хусеин «Үздік қақпашы» атанса, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Лес Қанат «Үздік шабуылшы» , ал Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті Ибрагимов Саламат «Үздік ойыншы» атағына ие болды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.