Басты бет > Мәдениет > СОЗАҚТА  «ҚҰДАҒИ КЕЛІПТІ» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ.

СОЗАҚТА  «ҚҰДАҒИ КЕЛІПТІ» СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында асыл әжелер мен аяулы аналар құрметіне драматург Қалтай Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті» спектаклі сахналанды. Бұл қойылым  -Созақ халық театрының маусымдық тұсаукесер туындысы.Созақ ауданының 90 жылдығы аясында дайындалған қойылымды аудан тұрғындары, аналар мен әжелер, аудан тұрғындары тамашалады.
«Құдағи келіпті» пьесасында адамның отбасындағы тіршілігі, əзіл астарындағы шындық, шаңырақ шаттығын берік сақтау, жанұя ынтымағы секілді мəселелер кейіпкерлер бейнесі арқылы кеңінен суреттеледі. Пьесада қаланың тоғышар, сәнқұмар әйелдеріне еліктеген ауыл әйелі Айжанның қызын күйеуінен айырып алмақ болған ісі мен қылықтары күлкілі образбен берілгенімен шындығында жаман əдетке қарсы тұру сынды тәрбиелік қасиеттерді теріс қылықтарды көрсете отырып көрерменге насихаттау, ой салу идеясы бар.   «Биылғы маусымды Қалтай Мұхамеджановтың «Құдағи келіпті» спектаклін ұсындық.Алда көрермендерді тамаша туындылармен сусындатуды мақсат етіп отырмыз”- дейді, қоюшы режиссер  Рүстем Ерназаров. Ал, Созақ аудандық Мыңжылқы мəдениет үйінің директоры Дауржан Абраев аудандық Халық театрының əрбір қойылымы өз көрерменіне ой салып, жамандықтан аулақ, жақсылыққа жаршы болуға шақыруға бағытталғанын жеткізді. Алдағы уақыт еншісінде Мəдениет үйі қызметкерлері ажырасудың балалар үшін зияны мен қасіреті, қыз тәрбиесі, тастанды балалардың тағдыры сынды қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруге бел буған. Сонымен қатар, театр құрамын да үйірме мүшелерімен кеңейту жоспарлануда.

М. Сабыр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.