Басты бет > Саясат > СОЗАҚТА ҚЫЗЫЛКӨЛ МЕН СУ ҚОЙМАҒА 60 МЫҢ САЗАН БАЛЫҒЫ ЖІБЕРІЛДІ

СОЗАҚТА ҚЫЗЫЛКӨЛ МЕН СУ ҚОЙМАҒА 60 МЫҢ САЗАН БАЛЫҒЫ ЖІБЕРІЛДІ

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында балық шаруашылығын дамыту ісі қолға алынды.
«Созақ балық өнімдері» коорперативі Құмкент ауыл округіндегі Қызылкөл көліне 30 мың сазан шабақтарын жіберді. Мұнан бөлек, Аққолтық елді мекеніндегі Үштөбе су қоймасына жеке кәсіпкер Ж.Нұрпейсова 30 мың дана сазан шабақтарын салды.
Шабақтар Тараз қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.  Кәсіпкер  балықтардың күтіп- баптауына ерекше көңіл бөлініп, жіті қадағалауда болатынын айтады.
«KAZ.GOLD.FISH» директоры Дінмұхаммед Қожахметтің айтуынша,  алдағы аптада аудандағы 8 шағын көлді балықтандыру жоспарланып отыр.
Айта кетейік, облыста бүгінде 3 балық өңдеу зауыты мен 28 балық шаруа қожалығы бар. Бұл кәсіпорындарда жылына 6 мың тоннаға дейін  балық өңделеді.
Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.