Басты бет > Мәдениет > СОЗАҚТА «НҰРЛЫ ЖОЛ-БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

СОЗАҚТА «НҰРЛЫ ЖОЛ-БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

44
views

Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстағы мәдениет үйлері мен клубтар арасында өтіп жатқан «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» өнер фестивалі Созақ ауданында өтті.
Фестиваль «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енген Бабата ауылында орналасқан Ысқақ баб кесенесі мен Құмкент ауылдық округіне қарасты Жылыбұлақ маңындағы Баба түкті Шашты Әзіз кесенесіне барып, құран бағыштаудан басталды.

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен жүзеге асқан фестиваль барысында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайының ауласына «Нұрлы жол» атты киіз үй тігіліп, алдына салт-дәстүр бойынша Созақ ауылдық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының «Тұсау кесер» көрінісі қойылып, баланың жолы нұрлы, сәтті болсын ниетпен киіз үйге кіргізді. Сонымен қатар, киіздің екі жақтауына жергілікті (аудандық мәдениет сарайына қарасты үйірме жұмыстарын қоса алғанда 200-300-ге жуық) қолөнер шеберлері мен қылқалам шеберлерінің арнайы көрмесі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, аудандық, ауылдық, кент мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінің атқарылған жұмыстары, жетістіктері, іс-құжаттары, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы киелі жерлері, географиялық ерекшелігі, шежіресі, ақын-жазушылары, батагөй қариялар, үйірме жұмыстары, жетістіктері мен ерекшеліктері көрсетілген стенд-көрме ұйымдастырылып, әрбір мекеме басшысы есеп берді. Щарадан ҚР Жас суретшілер одағының мүшесі, аудандық мәдениет сарайының қоюшы-суретшісі У.Мәмбет пен суретші Ақмарал Байғараеваның ерекше еңбектері де тыс қалмады.
Фестиваль аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты 13 мәдениет үйі және клуб өнерпаздарының гала-концертіне ұласып, ән, би, күй, көркемсөз оқу, жыр-терме, цирк, сатира, хор, оркестр, вокалды-аспаптар мен отбасылық ансамблі сынды халық шығармашылығы жанрлары «Рухани жаңғыру», «Астана қаласының 20 жылдығы», Созақ ауданының 90 жылдығы аясындағы тақырыптарды қамтыды.
Өнер додасы қазылар алқасы және Созақ ауданы әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бегманұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрғайша Балаубекова, мәдениет үйлері мен клуб меңгерушілері, БАҚ өкілдерінің баспасөз отырысымен қорытындыланды. Отырыс барысында іс-шара ұйымдастырудағы ерекшеліктер мен тақырыпты ашу, өнерпаздардың сахна мәдениеті сынды пікірлер айтылып, сауалдар жолданды.

М.Сабыр

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *