Басты бет > Жастар > Созақта «Мерекелі отбасы» атты концерт болып өтті

Созақта «Мерекелі отбасы» атты концерт болып өтті

Шара аясында концерт ұйымдастырылды

Фото Созақ Ауданы Әкімі Аппараты.Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі және уәкілетті органдармен Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісінің ұсынуы бойынша облыс көлемінде «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» пилоттық жоба іске асырылып, ел өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – отбасылық зорлық-зомбылықты болдырмау қолға алынды. Құқық қорғау органдарында оған қарсы күрес жүргізетін арнайы бөлімдер жұмыс атқарып келеді. Қалыпты өмір ырғағын бұзатын жағымсыз іс-әрекеттерге заңмен тосқауыл қойылатынын әркімнің білуі маңызды. Өткен аптаның бейсенбісі күні «Мыңжылқы» мәдениет сарайында осы шара аясында «Мерекелі отбасы» атты концерт болып өтті. Аудан прокуроры әділет кеңесшісі Қожабеков Ержан Базарбекұлы мерекелі отбасыларды құттықтап,

Фото Созақ Ауданы Әкімі Аппараты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 14 бабында заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, ұлтына, тіліне, дінге деген көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтындығы ашып айтты. Отбасы сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай отан, «Отан –отбасынан басталады» дегендей «Мыңжылқы» мәдениет сарайының әншілері кештің соңын әсем ән мен күмбірлеген күйге ұластырды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.