Басты бет > Хабар > «СК-Фармация» ЖШС қызметінің ашықтығы

«СК-Фармация» ЖШС қызметінің ашықтығы

«СК-Фармация» ЖШС атынан Бірыңғай дистрибьютор жүйесі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық саласының тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру, дәрілік заттарды мемлекеттік сатып алуды шоғырландыру жолымен фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту мақсатында құрылған.

Серіктестік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты толығымен қолдайды және өз қызметіне енгізеді.

2019 жылдың қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды. «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» (Адалдық алаңы) жобалары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша елорда тәжірибесін тарату идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы аясында айтылды.

Жобаның негізгі мақсаты – ұйым қызметінде парасаттылық қағидаттары мен комплаенс саясатын енгізу. Компанияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған тиімді тетіктер мен рәсімдер құрылатын болады. Азаматтық қоғам мен бизнес-қоғамдастық өкілдері қатарынан консультативтік-кеңесші орган құру жоспарлануда, оның міндеті компания қызметінің мониторингі болады. Жоба шеңберінде қазіргі заманғы сандық технологиялар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдарын, парасаттылық, ашықтық және сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзбеушілік қағидаттарына негізделген HR-менеджмент стратегиясын енгізуге баса назар аудару жоспарлануда.

Сонымен қатар компанияда қызметтің барынша ашықтығы мен транспаренттігін құру бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Осылайша, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік препараттарды сатып алу кезінде 2018 жылдан бастап дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында электрондық сатып алуды енгізу жобасы іске асырылуда.

Электрондық сатып алу форматы әкімшілік кедергілерді жоюға, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл, ақыр аяғында салаға қазақстандықтардың сенімін нығайтуға көмектеседі. Қағаз тасығыштардағы жұмыс толығымен жойылады. Сатып алудың электрондық форматы кезінде Бірыңғай дистрибьютор қызметкерлері мен әлеуетті өнім берушілер арасындағы тікелей өзара іс-қимыл толығымен алынып тасталады, бұл сатып алудың сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетеді, ал әлеуетті өнім берушілердің де, тендерлік комиссия мүшелерінің де әрбір іс-әрекеті жүйеде электрондық із қалдырады.

2019 жылы сервистік қызмет көрсетуді талап ететін медициналық бұйымдарды сатып алу да электрондық форматқа ауыстырылды.

Қызметтерді сатып алу бойынша тендерлік рәсімдердің ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай дистрибьютор Facebook әлеуметтік желісіндегі өзінің ресми аккаунтында негізгі тендерлік рәсімдердің онлайн көрсетілімін ұйымдастырады. Нақты уақыт режимінде Бірыңғай дистрибьютордың қызметін қамтамасыз ететін қызметтерді сатып алу кезінде тендерлік рәсімдердің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Ұзақ мерзімді шарттарды жасасу жөніндегі конкурстық комиссияға Денсаулық сақтау министрлігінің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, «Атамекен» ҰКП мен бейінді қауымдастықтардың өкілдері кіреді. Сонымен қатар, тендерді өткізудің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында конкурстық комиссияның барлық отырыстарына қатысатын бақылаушылардың құрамы кеңейтілді.

1439 қысқа нөмірі бойынша тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Барлық қоңыраулар қалалық және ұялы телефондар арқылы тегін. 

Байланыс орталығының операторлары жүгінген пациенттерге тегін берілетін қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімі мен күні туралы ақпарат береді. Байланыс орталығының операторлары әрбір шағымды егжей-тегжейлі талдайды, дәрі-дәрмек алуда іркіліс себептерін белгілейді, ал аймақтық кураторлар мен Бірыңғай дистрибьютордың өкілдері медициналық ұйымдармен бірлесіп тиісті өтінімді қалыптастыруды және дәріханаларға қажетті препараттарды жедел жеткізуді ұйымдастырады, тіпті егер емхананың өзі қандай да бір себеппен тапсырыс бермесе немесе дәрі-дәрмектің жеткіліксіз көлеміне тапсырыс берсе де.

Өңірлік өкілдер мәселені шешу туралы Байланыс орталығын хабардар еткеннен кейін және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде препараттардың босатылуы көрсетілгеннен кейін, байланыс орталығының операторлары дәрі-дәрмек алуды бақылау үшін пациентпен қайтадан байланысады.

Науқастарға нақты берілген тегін дәрі-дәрмекті бақылау үшін бірлескен жоба шеңберінде Денсаулық сақтау министрлігі, ӘМСҚ, Республикалық электрондық денсаулық сақтау және «СК-Фармация» арқылы тегін дәрі-дәрмек алушылар ретіндегі деректері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесінде көрсетілген пациенттерге SMS-хабарлама жіберу жөніндегі жоба іске асырылды. Жалпы тарату 3 млн. телефон нөмірін қамтитын деректер базасы бойынша жүргізілді.

Хабарламада дәрі-дәрмектің рецептінің нөмірі және берілген күні туралы ақпарат қамтылған. Пациент бұл дәрі-дәрмектерді алмаған жағдайда, оған SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» санын жіберу немесе 1439 нөмірі бойынша «СК-Фармация» байланыс орталығына қоңырау шалу ұсынылды. Қоңырау және SMS-тегін. Әрбір қоңырау мен SMS бойынша ақпарат талданды, одан кейін қорытынды ақпарат Денсаулық сақтау министрлігіне құқық қорғау органдарының тексеруіне бастамашылық жасау үшін жіберді.

Пациенттердің SMS-жіберіліміне жауап ретінде 2881 жауап келіп түсті. Осылайша, 441 пациент аталған препараттарды алмаған, 32 адам диспансерлік есепте тұрмаған және ешқашан тегін дәрі-дәрмек алмаған, тағы 10 пациентке жартылай дәрі-дәрмек берілді. Бұл жұмысты тұрақты негізде жүргізу жоспарланып отыр. 

SMS-хабарламаларды тарату пациенттерді бақылау жүйесіне тартуға мүмкіндік берді. Олардың мониторингке қатысуының арқасында Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесіндегі препараттардың алынғаны және олардың нақты қамтамасыз етілгендігі туралы белгілер арасындағы сәйкессіздік фактілері анықталды.

Бірінші жоба 2018 жылдың қараша – желтоқсанында, қайта 2019 жылдың сәуір – маусымында іске асырылды. Жобаны тұрақты негізде жаңарту жоспарлануда.

Сонымен қатар, 2019 жылы Бірыңғай дистрибьютордың интернет-порталында медициналық ұйымдарда тегін дәрілердің болуы бойынша бірыңғай электрондық анықтамалық іске қосылды. Енді медициналық ұйымдардың дәрілік препараттарға берген өтінімдері пациенттер үшін одан да ашық болды: анықтамалық интерактивті карта форматында орындалды, онда пациенттер медициналық ұйымдардың дәрілік заттарға берген өтінімі бойынша барлық ақпаратты онлайн-режимде көре алады: медициналық ұйымның іздестірілетін препаратқа өтінім орналастырылмағаны, қандай мөлшерде және қандай кесте бойынша, сондай-ақ оның ағымдағы сәтте және келесі жеткізілімдердің жоспарланған мерзімдерінде болуы. 

Серіктестік қызметінде барынша ашықтық пен транспаренттілік жасау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

Медиаон ақпарат