Басты бет > Білім > «САҚ» киностудиясының «Қазақ Елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды

«САҚ» киностудиясының «Қазақ Елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды

Шілде айының соңында елордасы – Астанада ХІІІ Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі аясында өткен «Бес құрлық»  балалар фильмдерінің фестивалінде «САҚ» киностудиясының «Қазақ Елі» толықметражды анимациялық фильмі «Ең үздік сценарий» номинациясын жеңіп алды. Аталған байқау Канн, Берлин, Венеция сынды «А» классты фестивальдермен  тең дәрежеде продюсерлік қауымдастықтың Халықаралық одағында (FIAPF)  тіркелген, Орта Азиядағы орасан зор  кинофорум болып табылады деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Салтанатты шарада «Қазақ елі» анимациялық фильмінің режиссері, облыстық Мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» КММ-нің директоры, «САҚ» киностудиясының белгілі сценаристі, режиссер Батырхан Дәуренбековке кинофестивальге белсене қатысып, балалар киносының дамуына ықпал жасағаны үшін ҚР Тұңғыш Президенті  – Елбасы Қорының арнайы жүлдесі мен «Алғыс хаты» салтанатты түрде тапсырылды.

Фестивальдің бағдарламасында Қазақстан, Франция, Нидерланд, Қытай, Ауғанстан, Иран, Тунис, Перу, Үндістан, Мексика, Испания, Италия, Дания, Грузия және т.б.  елдердің шығармашылық топтарының жұмыстары көрсетілді. Сонымен қатар, «Бес құрлық»  балалар кинофестивалінің ашылу салтанатына «Оскар», «Алтын глобус» сынды кино өнеріндегі беделді сыйлықтардың иегері, америкалық актер, продюсер, кинорежиссер Николас Кейдж қатысты.

 

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.