Басты бет > Жастар > Сағындық Жанысбаевты Облысымыздың “Үздік жас журналист” номинациясына 7 бірдей мекеме ұсынды

Сағындық Жанысбаевты Облысымыздың “Үздік жас журналист” номинациясына 7 бірдей мекеме ұсынды

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен өткелі жатқан облыс әкімінің “Үздік жастар премиясы” облыстық жастар сыйлығына біздің тілшіміз Сағындық Жанысбаевты облысымыздың “Үздік жас журналист” номинациясына облысымыздың 7 бірдей мекемесі лайық деп танып, ұсыныс хаттар жолдауда. “Үздік жастар премиясы” облыстық жастар сыйлығы жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды қолдау мақсатында жыл сайын бекітілген номинациялар бойынша беріледі.

15 жасынан бастап, журналистика саласының қыр-сырын меңгеріп, жастар арасында талантты болып, қажырлы еңбек етіп  жүрген дарынды жастарымыздың бірі Сағындық Жанысбаев деп толық айта аламыз.  Журналистика саласында 4 жыл қажырлы еңбек етіп, бірнеше Халықаралық, Республикалық, Облыстық, Қалалық байқауларға қатысып жүлделі орындармен оралып жүр. Айтар болсақ:  28 қысқы универсияда, NATIONAL ENDOWMENT for DEMOCRACY халықаралық ұйымының “Өз Қазақстаныңды таныстыр” алғыс хаттары, Республикалық “Үркер – 2017” журналистер байқауының 5 үздік жас журналист атағы, Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының презиеденті академик Өмірзақ Айтбаевтың арнайы қолдау сертификаты, Қазақстан Ұлттық Телерадиохабар Таратушылар Ассоциясының сертификаты, Хабар агенттігінің арнайы жобалар қызметінің алғыс хаты, “ХХІ ғасыр ғылымы: жаңа жетістіктер” атты Республикалық конференциясының 2 дәрежелі дипломы, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі БАЙЛАНЫС, АҚПАРАТТАНДЫРУ және АҚПАРАТ комитеті “Қазконтент” АҚ 2 бірдей, жеткен жетістіктерін көрсететін сертификаты, Қазақстан Республикасының “ХХІ ғасыр – Қазақстанның жұлдызды ғасыры” ғылыми конференциясының жүлделі 3 орын иегері, Республикалық “Шырайлы Шымкент” байқауының дипломы, “Түркітілдес журналистер қоры” ҚҚ алғыс хаты, “Нұр Отан” партиясы ақпараттық моноторингінің арнайы алғыс хаты және бірнеше облыстық ішкі саясат, спорт, сәулет және құрылыс, мәдениет, жастар саясаты басқармасы басшыларының алғыс хаттары мен сертификаттарын алып үлгерген. Оңтүстік Қазақстан облысының атын Республикалық, Халықаралық ареналарда абыроймен алып жүрген біздің жас журналистіміздің осыншама жетістіктері мен марапаттарын ескере отырып, Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы үн-түнсіз қалмауы керек деп санаймын. “Жастың басы – жалында, жантақтың жаны  – желінде” дейді. Сол сияқты ұсынылған азаматымыздың абыройы мен мадақтамаларын көре отырып, жөн қорытынды шығарады деген ниеттемін, Сағындық Жанысбаев “Ел Бірлігі” Республикалық қоғамдық-саяси газетінің “Жастар бағдарламасы бойынша” редакторы , “Ел Бірлігі” ақпараттық агенттігінің директоры, “Жемқорлыққа жол жоқ” Респуликалық қоғамдық-саяси газетінің жауапты редакторы, “Жас Қыран” жастар қозғалысының президенті орынбасары, қызметтерін абыроймен атқарған жаста болса, бас бола білген білікті маман. Қазіргі таңда “Мирас” экономикалық-технологиялық колледжі студент жастар кеңесінің президенті, құқықтану маманыдығының білім алушысы және “Медиа ON” ақпараттық агенттігінің тілшісі қызметін атқарып жүрген талантты жас. Жастарды қолдайтын, оларға шабыт беретін бұл премияның әділ өтетіндігіне сенемін. Себебі әділетті басшы отырған жерде әділеттілік әрдайым орнайды!

Малика Абдалиева

“Медиа ON” ақпараттық агенттігінің директоры

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.