Басты бет > Саясат > Сатканбаев Еркін Турниязұлы: ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Сатканбаев Еркін Турниязұлы: ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті 18 съезі Қазақстан өз дамуында жаңа белді белеске қадам басқандығын аңғартты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің қуаттылығы экономиканың даму қарқынымен және тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенетіндігін мәлімдеді.

Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Мемлекет басшысы, әрбір қазақстандық отбасы жүргізіліп жатқан реформалардың нәтижесін бүгіннен бастап көруі тиіс деді.
Бұл бағытта әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылар мен көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің көлем критерийін өмір сүру шегі көлемінің 70 пайызына жеткізу тапсырылды. Яғни, оның көлемі биыл 20789 теңгені құрамақ.
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған көпбалалы отбасылардағы әр балаға 20789 теңге көлеміндегі төлемдер жүргізілмек.
Оған қоса атаулы әлеуметтік көмек тағайындау процедуралары мейлінше жеңілдетіліп, проактивті форматқа көшірілмек. Осылайша 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған отбасылар саны 830 мың адамды құрайтын болады, оның ішінде 550 мыңға жуығы – балалар.
Мүгедек балалары бар ата-аналарға, отбасыларға, асырап алушыларға төленетін жәрдемақы көлемі 30 пайызға артпақ.
Бұл қазақстандық отбасыларды әлеуметтік қолдаудың теңдессіз тәжірибесі деп білемін.