Басты бет > Хабар > “САРЫН” қоғамдық қайырымдылық қоры өз жұмысын бастады

“САРЫН” қоғамдық қайырымдылық қоры өз жұмысын бастады

MediaONЕліміздің қоғамдық бірлестіктер қатарына “Сарын” қоғамдық қайырымдылық қоры қосылды. Қордың басты мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалар мен тұрмысы нашар тұратын  сәбилері бар, аурға шалдыққан, дертіне шипа іздеген отбасыларға қаржылай, материалдық және рухани көмектесу. Малика Абдалиева ханымның құрылтайымен ашылған бұл қоғамдық қор еліміздің өркендеп өсуіне сүбелі үлес қосады деген сенімдеміз! “МЕДИАОН” ақпараттық агенттігі аталмыш ұйымға ақпараттық қолдау көрсетіп, қордың жұмыс-барысымен таныстырып отыратындығын хабарлаймыз. Айта кетейік, Малика Абдалиева “Зияткер ON” педагогикалық, тәлім-тәрбиелік басылымының және “МЕДИАОН” ақпараттық агенттігінің директоры – бас редакторы. 3 бірдей мекеменің басқарушысы атанған нәзік жанды Малика Абдалиева ханымға шығармашылық табыстар мен бастаған істеріне тек ғана сәттіліктер тілейміз!

“МЕДИАОН” ақпарттық агенттігінің

ұжымы

Фото Malika Abdaliewa.Құрметті бауыр еті баласының тағдырын ойлап, жаны жаралы болған қамкөңіл ата-аналар! Қазіргі таңда қаптап кеткен қайырымдылық қорларынан көз сүрінеді. Алайда, солардың өз міндетін адал орындап, қайырымдылықпен айналысып жатқаны шамалы. Сол олқылықты толтыру үшін біз де қарап отыруды жөн көрмей, «Сарын» атты қайырымдылық қорын аштық. Алға қойған міндетіміз де айрықша. «Бар жақсылық – балаларға» деген ұранмен баланың жоғын жоқтауға, мұңын мұңдау үшін барымызды салатын боламыз! Құрметті, баласының жағдайын ойлап, уайым кешкен ата-ана! Біз қолдан келгенше сізге көмек береміз, ауырыңызды жеңілдетуге, қиынды оңайлатуға тырысамыз!!! Қайырымды жандар! Қай ата-ана болмасын, өз баласына тек қана жақсылық тілері анық. Өрісінің кеңейіп, ұрпағының жалғасуын қалайтын кез келген ата-ана Алладан өзегін жарып шыққан үрім-бұтағы үшін өмірдің игілігін ғана тілейді. Ана үшін қауіпті дертпен ауыратын баласының уайымынан артық уайым болмайтын шығар? Балалардың церебралды сал ауруы да сондай қауіпті диагноздың бірі. Олар бір ғана үмітпен, «балам жазылып кетеді» деген сеніммен өмір сүреді. Әрине, ол ауруды жазылмайды деп пікір қалдырушылардың да болуы заңдылық. Мейлі ол бала жүрмесін, сөйлемесін, көзі көрмесін, бірақ оның кеудесінде жұдырықтай жүрегі соғып тұр ғой. Ендеше, қай ана баласының жүрегі соғып тұрғанда, қарекетсіз отырып баласын ажалға қияды? Бәрінің де алдағы күннен үміті бар. Баласына шетелде ота жасату – «ерекше балалардың» аналарының басты арманы. Ал ол аз қаражат тұрмайтыны белгілі. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, ана сүтін ардақтап, ата салтын салмақтап өскен елміз. Ал олай болса бабаларымыздан қалған осы бір ұлылық жалғасын тауып жүр ме? Жасырары жоқ. Ата салтымыздан адасқалы қашан. Тіпті тарихи соғыс жылдарында салынбаған жетімдер үйі бүгінгі мына қой үстіне бозтоғай жұмыртқалаған бейбіт заманда бой көтермесі бар ма? Қанша жерден жетімдерге жағдай жасалып жатыр дегенмен де оларға қамқор көңіл жетіспейтіні анық. Қаражат та солай. Осыны ескеріп, жауапкершілігі зор, әрі қиын іс болса да, қайырымдылық қор құруға бел шешіп кірістік. Бүгіннен бастап сол еңбегіміз жемісін беріп, «Сарын» қайырымдылық қоры өз жұмысын бастады. Құрметті қайырымды жан! Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Асыл дінімізде қайырымдылықтың орны ерекше екені баршамызға мәлім. Бұл тақырыпта Құран аяттарымен, Алла елшісінің сан қилы хадистерінен келтірсе, қалам мен қағаз жетпесі анық. Қайырымдылықты кең көлемде істей білген дана халқымыз: Өзін ғана ойлаған, Жамандықтың белгісі. Өзгені де ойлаған, Адамдықтың белгісі –деп адамның оның ішіндегі мұсылманның асыл қасиетінің бірі жақынға қол ұшын беру екенін кең түсіндірген. Ендеше, сіз де қайырымдылық жасаудан құр қалмаңыз! «Ерекше балалар» мен олардың ата-аналарына үміт сыйлаңыз! Бастысы ниетте! «Сарын» қайырымдылық қоры – балалардың мұң-мұқтажы үшін құрылған қор. Біз аянып қалмаймыз. Ол үшін сіздердің қамқорлығыңыз бен қайырымдылық көмегіңіз керек, мейірбан жандар! Сіздің жасаған әрбір қайырымдылығыңыз баланың жүрегіне жылу, қабағына қуаныш, жүзіне күлкі үйіруі үшін біз барымызды саламыз. Қайырымдылық жасап жарысайық, ағайын!

Қосымша:

Қор деректемесі:

Қазақстан Республикасы ОҚО 160021, Шымкент қ, Әл-Фараби ауданы,Қарасу көшесі, 12 үй, 97 пәтер, тел: 8 /7252/ 77-10-35, 8-747-435-17-60, 8-702-507-74-55. ИИН: 170840013648, Филиал АО “Bank RBK” в г Шымкент, БСК/БИК KINCKZKA,

ИИК: KZ72821MSTXP10000001(тенге), KZ72821MSTXP10000004(рубль), KZ72821MSTXP10000007(евро), KZ72821MSTXP10000002(доллар)

Малика Абдалиева

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.