Басты бет > Білім > Сарыағаш жастарында жағымды жаңалық көп!

Сарыағаш жастарында жағымды жаңалық көп!

37
views

Сарыағаш жастары жайында : Сарыағаш жастар ресурстық орталығының ұсынуы бойынша «МедиаON» Республикалық ақпараттық агенттігінің жаңалықтар кеңістігінде таралды.

Түркістан облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен — өңірге қарасты жастар ресурстық орталықтарының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында БАҚ өкілдерінен құралған ақпараттық топтарға аудандардағы жастардың жай-күйімен таныстыру үшін әр ауданда пресс тур ұйымдастырып жатқан болатын. Сол пресс-тур Сарыағаш ауданында жалғасты. 

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «FRESBOOM» ЖӘНЕ «ZIZI» КОНДИТЕРЛІК ӨНІМДЕРІНІҢ БАСТЫ ЕҢБЕК КҮШІ ЖАСТАР….
ПРЕСС ТУР-01
На данном изображении может находиться: 3 человека, люди стоят, небо и на улицеОблыстық ақпараттық топ ең бірінші пресс турды Құркелес ауылдық округіне қарасты Еңкес елді мекенінде орналасқан «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехынан бастады. Бұл цех 2012 жылы іске қосылған. Қуаттылығы бір ауысымда 4000 блок өнім (сағыз) өндіретін цехтың жалпы құны 70,0 млн. теңге. Кәсіпорын директоры Қ.Жаназаров сағыз шығаруға қажетті шикізаттарды Түркия елінен әкелгендігін және дайын өнімдер ішкі нарықпен қатар, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдеріне экспортталатындығын айтты. Бүгінгі таңда «Fresboom» және «ZIZI» кондитерлік өнім өндіретін цехында 1 ауысымның өзінде 30 жасты қамтиды. Кәсіпорында негізгі жұмысшыларын жастар құрайды.

 

МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУҒА ИЕ БОЛҒАН – ЖАС КӘСІПКЕР…
ПРЕСС ТУР-02

Облыстық ақпараттық топ келелсі кезеңде Сарыағаш қаласында орналасқан «Эффект жарнама» реклама орталығының жұмысымен танысты. «Эффект жарнама» реклама орталығының иесі Ахан Рахымбердиев «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы несие алып, бүгінгі таңда өз кәсібін жүргізіп отырған жастардың бірі.

На данном изображении может находиться: 5 человек, в том числе Алдияр Козыбаев, люди стоят и костюм

 

МАҢЫЗЫ БАР ФОРУМ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӨТТІ..
ПРЕСС ТУР-03

Облыстық ақпараттық топ Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырған түрлі этнос өкілдерінің форумына қатысты.

На данном изображении может находиться: 6 человек, в том числе Қанат Иматов, люди стоят, костюм, свадьба и в помещении

Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінде өткен форумда иран-азербайжан, неміс, өзбек, ұйғыр, тәжік, түрік, орыс және қазақ ұлттарының ұлттық киімдері, ұлттық аспаптары, қолөнерлері және ұлттық тағамдары ұсынылды. Көрмеден соң концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан бұл форумда ұлттық татулықты ұран еткен жастар сахна төріне шығып құттықтауларын айтты. Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Дуйсебеков Береке Талғатұлы, ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы Қозыбаев Алдияр Хайбілдәұлы жастарды мерекелерімен құттықтап, алдағы уақытқа сәттілік тіледі. Аудан әкімінің орынбасары Марат Сейтімбетов бүгінгі форумда ауданның белсенді жастарын алғыс хаттармен марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады.

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚЫЗДАР СПОРТЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА…
ПРЕСС ТУР-04

Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен арнаулы орта оқу орындарының студент қыздары арасында спорттың волейбол түрінен «Студенттік лига» ойындары болып өтті.

На данном изображении может находиться: 5 человек, в том числе Нургали Отаров, люди улыбаются, люди стоят

Бұл жарысқа ауданымызбен көрші Келес ауданның қыздарыда бақтарын сынады. Жарыстың мақсаты қыздар спортын жандандыру, аудан арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау, қыздарды спортқа баулу. Қыздар арасында өткен волейболда жарыста І-орынды №12 Кәсіптік колледжі, ІІ-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІІ-орынды ОҚ Арыстанбаб колледжі иеленді.

 

ТАРИХЫ БАЙ, ҚАЗЫНАЛЫ ҚАПЛАНБЕК АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ…
ПРЕСС ТУР-05

Облыстық ақпараттық топ Сарыағаш қаласында өзіндік орны бар, білікті де білімді жастарға толы Қапланбек аграрлық-текникалық колледжіне де бет бұрды. Қапланбек аграрлық-текникалық колледжі 1929 жылы 27-қарашада құрылған. Осы уақытқа дейін Еліміздің өсіп көркейуіне үлес қосқан азаматтар шыққан бұл оқу орнында 1300-жуық студент білім алады. Білімнің негізігі құралы болып табылатын кітап қорыда бұл оқу орнында жеткілікте.

Оқу орнында жастардың зертеулік жұмыс жасауына бар жағдай жасалған. Соның бірі «Қысқы бақ», мұнда жастар өзінің зертеулік жұмысын жасап гүлдерді будандастырып жаңа түрлерін және Елімізде өспейтін өсімдіктерді Сарыағаш жеріне жерсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі таңда «Қысқы бақта» 100-ге жуық гүлдер және «Інжір» шабдалысын өсіруді қолға алған. Мұнда студенттер лимонның 2 түрін өсірумен жұмыс жасап жатыр. Қапланбек аграрлық-текникалық колледжінде жастардың рухани байлық сыйлау үшін, бос уақытын тиімді пайдалану үшін арнайы «Ұлттық мұражай» және «Рухани жаңғыру» кабинеті жұмыс жасайды. Бұл кабинеттерде жастардың өз қолымен жасаған заттар және көне археологиялық заттар қойылған. «Рухани жаңғыру» кабинетін осыдан 44 жыл бұрын бітірген түлектер «Туған жер» бағдарламасымен ашып берген. Кабинеттің ашылуына «Ордабасы» құс фирмасының директоры, облыстық маслихат депутаты Мұрат Тағаев атсалысқан. Оқу орынның өз тарихын баяндайтын арнайы музейі ашылған. Музейдің ең басты байлығының бірі Шәмші Қалдаяқовтың отырған партасы сақталған. Облыстық ақпараттық топ колледждің тыныс тіршілігімен толықтай танысып шықты.

 

СТУДЕНТТЕР ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ….
ПРЕСС ТУР-06

Сарыағаш ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Сарыағаш қаласындағы спорт кешенінде арнаулы орта оқу орындарының арасында ұлттық спорттық үш түрінен сайысқа түсті.

На данном изображении может находиться: 9 человек, в том числе Нургали Отаров, люди стоят и на улице

Атап айтқанда ләңгі тебу, гір тасын көтеру және арқан тарту. Сайыстың мақсаты ата-бабамыздан қалған әрі барша әлемге мақтанышпен көрсете алатын біздің асыл мұрамыз ұлттық спортымызды дамыту, жастар арасында ұлттық спортты насихаттау, ұлттық спортты жастар арасында кеңінен қолданысқа қою.

МИЛЛИОНДАРДЫҢ ОЙЫНЫ- ФУТБОЛ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ӨТТІ…
ПРЕСС ТУР-07

Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласында орналасқан спорт кешенінде арнаулы орта оқу орындарының арасында спорттың кіші футбол түрінен «Студенттік лига» ойыны өтті.

На данном изображении может находиться: 4 человека, в том числе Қанат Иматов, текст

Жарысқа жалпы Сарыағаш ауданынан 5 команда және Келес ауданынан 1 команда қатысып бақтарын сынады. Жарыстың мақсаты жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттау, аудан жастары арасында достық байланысты нығайту, дене шынықтыру мен спортты дамыту, спорт шеберлігін шыңдау. Жарысты тамашалауға, жастарды қолдауға Сарыағаш аудан әкімі Қайрат Абдуалиев, жастардың жанашыры Облыстық жастар ресуртық орталығының басшысы Береке Дүйсебеков, облыстық ақпараттық топ қатысты. Тартысты өткен бұл жарыстың нәтижесінде І-орынды Сарыағаш медрессе колледжі, ІІ-орынды Қапланбек аграрлық — техникалық колледжі, ІІІ-орынды Абу Али Ибн Сина жоғары колледжі иеленді. Жарыс соңында аудан басшысы жастарды бүгінгі «Студенттік лига» ойынымен құттықтап, жүлдегерлерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Медиаон ақпарат

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *