Басты бет > Саясат > САРЫАҒАШ: «БІРГЕ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

САРЫАҒАШ: «БІРГЕ-ТАЗА ҚАЗАҚСТАН!» АТТЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

Аудан аумағында «Бірге-Таза Қазақстан!» атты экологиялық акциясының жоспары бойынша, қала, кент және ауылдық округтердің санитарлық тазалық жұмыстары 2019 жылдың 26-27 шілде күндері өткізілуде. Жалпы Сарыағаш ауданында жыл басынан бері 18 сенбілік өткізілген болса, облыс аумағында өткізілген ең ауқымды сенбілік, яғни бүгінгі тазалық шарасына аудан бойынша 3 631 азамат тартылып, 172 шақырым көше тазаланды. 181 дана берекетсіз күл-қоқыстар жойылып, 133,4 тонна қоқыс шығарылды. 24,3 шақырым өзендердің, көпірлердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланып, 15 дана балалар алаңшалары ретке келтіріліп тазаланды. Сенбілікке жалпы 82 техника тартылды.

Медиаон ақпарат