Басты бет > Саясат >  Сарыағаш ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Е.Жүніс мырзаға!!!

 Сарыағаш ауданаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Е.Жүніс мырзаға!!!

 

Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылында орналасқан №73мектеп-гимназиясының директоры туралы жергілікті БАҚ-тар ғана емес облыстық тіпті республикалық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер қосыла жазып жатқанына біршама уақыт болды. Аталмыш директор – У.Қожагелдиеваның қол астында істейтін мұғалімдеріне жасаған заңсыздықтары мен әділетсіздіктері туралы шағымданған азаматтардың бүгінгі күнге дейін қақпаған есігі қалмады. Бірақ, әртүрлі себептермен әлі күнге дейін У.Қожагелдиева мызғымай отыр. Оның үстінен құқыққорғау органдарында қылмыстық іс қозғалған кезде де Аудандық білім бөліміндегі ықпалды қоғаушылары арқылы қызметінен шеттетілмеген күйде (заңға сәйкес шеттету туралы өтініш жазылса да) өзінің заңсыз іс әрекеттерін жалғастыра берді. Сол арада, қандай жағдайда да жазасыз қалып, мектепті өз жекеменшігіндей билеп төстеп үйренген директорымыз шындықты айтып шырылдаған оқу ісі бойынша орынбасары А.Турбекованы заңды белден басып отырып алдымен орынбасарлықтан, сосын мұғалімдіктен де шығарып далада қалдырып отыр.

Мектеп директоры мемлекеттік қызметкерге теңестірілген тұлға. Бірақ, неге мемлекеттік қызметшіге қатысты заң осы директорға келгенде қауқарсыз болып отыр. Оған қатысты қылмыстық іс дәлелдер заңсыз жолмен алынған деген себеппен жабылып қалады. Ал, бірақ, А.Бердияровадан 650 мың теңге алғанын өзі мойындап тұрған бейнежазба қылмысын анық көрсетіп тұрған жоқ па? Оны қылмыстық іс жүргізу барысында беттестіру кезінде У.Қожагелдиеваның өзі де мойындаған протоколы бар. Бұл жердегі басты мәселе бейнежазбаның қандай жолмен түсірілгенінде емес, пара алу фактісінің орын алғанында емес па? Бейне жазбада ол айкын көрініп, естіліп тұр.

Жәбірленушінің Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына осы мәселе бойынша жазған арызы тергеп-тексеру үшін Сіздерге жолданып отырғаны белгілі болып отыр.

Сол себепті Сізден, бұл істің үлкен қоғамдық резонанс тудырғанын, бүкіл аудан халқын алаңдатып отырған мәселе екендігін ескере отырып, ашық та жариялы түрде жүргізуіңізді сұраймыз. Сондай-ақ, ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 18 бабының 2 және 2,1 тармақтарына сүйене отырып «Медиа-ОN» ақпараттық агенттігінің төмендегі сұрақтарына жауап беруіңізді өтінеміз.

Атап айтқанда;

– Істің қаралу барысында осы жолы мектеп директоры уақытша жұмыстан шеттетіле ме?

– Алдыңғы қылмыстық с қозғалған шақта директорды шеттетпей, бүркемелеп өз орнында ұстап қалған, (сыбайластыққа қолайлы жағдай жасау емес па?) аудандық білім бөлімінің қызметкерлері-мемлекеттік қызметшілер өз іс әрекеттеріне жауап береді ма?

– ҚР Қылмыстық процесстік Кодексінің 183 бабының талаптарына сәйкес, У.Қожагелдиеваның сыбайлас жемқорлыққа қатысы болуы ықтимал екендігін әшкерелеген материалдар БАҚ беттерінде бірнеше рет жарық корсе де, неге бүгінгі күнге дейін қылмыстық іс қозғауға негіз бола алмады.

– У.Қожагелдиеваның үстінен ҚР Қылмыстық Кодексінің 195 және 190 баптары бойынша қозғалған кейін жабылып қалған Сарыағаш аудандық Абай полиция бөлімінің №175155031000432 қылмыстық ісінің ары қарайғы тағдыры қалай шешіледі?

– Ақшасын алып алып уақытша жұмысқа қабылдап, енді ойдан шығарылған қысқартуға ұшыратып, далаға лақтырылған жұмыссыз азаматшалардың құқын кім қорғайды? Материалдық шығынын кім толықтырады?

«Медиа-ОN» ақпараттық агенттігінің директоры – бас редакторы М.Абдалиева

Шымкент қаласы, Қара су 12/37; 8702-507-74-55

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.