Басты бет > Жастар > «Самғау-2017» кинофестивалінің бас жүлдесі!

«Самғау-2017» кинофестивалінің бас жүлдесі!

Фото Облыстық Жастар Орталығы.Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» алғаш рет жас режиссерлар арасында облыстық «Самғау-2017» қысқаметражды бейнефильмдер кинофестивалі өтті.

Фото Облыстық Жастар Орталығы.Байқаудың мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттай отырып, жүзеге асыру;

ОҚО жас режиссерларын және дарынды жастарын қолдау және таныту;

Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің негізінде жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;

Ұлттық мәдениетті сақтай отырып, дамыту, патриотизм, туризм, спорт, жемқорлық, мотивациялық, отбасылық құндылықтары мен әлеуметтік мәселелерді қамти отырып, қысқаметражды бейнефильмдер арқылы жастарға ой салу;

Жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру.

Байқауға аудан, қалалардағы байқау бағдарламаларының талаптарына сәйкес кино-видео саласында тәжірбиесі бар 14-29 жас аралығындағы жастар мен осы критерийге сәйкес келетін маманы бар киностудиялар қатысуда.

Байқау жеңімпаздары 1 орын үшін 500 000 тенге, 2 орын – 300 000тг, 3 орын – 200 000тг, «Үздік актер» номинациясы бойынша – 100 000тг, «Үздік актриса» – 100 000 тенге қаржылай сыйлықтармен және арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталмақ.

Ұйымдастырушы: ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен ЖК «Балабиев продакшн».

1 сағат бұрын келіп түскен ақпаратқа сәйкес

Бас жүлдеге  – «Шыңырау» фильмі, 1 орынға – «Барыңды бағала», 2 орынға – «Игра судьбы», 3 орынға – «Әке» фильмі ие болып,  «Үздік актриса» номинациясымен – Холлоуэй Диана және  «Үздік актер»  номинациясымен – Нуриддин Асан марапатталды.

Медиаон ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.